ШҰҒЫЛ! Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты Толығырақ

Қазақстан мен Түркия - сенімді стратегиялық әріптестер

19:19, 13 шілде 2017

Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас тұрақты дамып келеді. Достық пен бірлікке негізделген өзара ынтымақтастық сан салада жалғасуда. Яғни, сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм, шағын және орта бизнес, тұрғын үй құрылысы бойынша 100-ден астам жоба жүзеге асты. Екі ел арасындағы сауда айналымы 2 млрд. АҚШ долларын құрады.

Қазақстанда 1500-ден астам қазақ-түрік бірлескен кәсіпорны қызмет етуде. Енді, туризм саласына да көңіл бөлінбек. Бұл туралы бүгін Түркия Республикасының аймақтағы бас консулы Корхан Кюнгерю мәлімдеді. Оның айтуынша, Маңғыстауда саланы дамытуға мүмкіндік жоғары. Сондықтан түркиялық кәсіпкерлер аймаққа инвестиция құюға қызығушылық танытып отыр. Айта кетейік, көршілес елде 2015 жылы басталған дүрбелең басылып, қазір Түркиядағы жағдай бірқалыптанды. Қиын кезеңде қолдау көрсеткен үшін елші Қазақ халқына ризашылығын жеткізді.

Корхан Кюнгерю - Түркия Республикасының Маңғыстау облысындағы бас консулы

Елімізге достық ықыласы мен қолдауын білдірген

Қазақстан халқының еңбегі ерен. Түрік халқы мұны ешқашан ұмытпайды. Түркия Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші рөлін мойындайды және маңызды әріптес санайды. Міне, осының бәрі екі ел арасындағы қатынастардың жоғары деңгейін көрсетеді.

Тақырып бойынша материалдар

Ақтауда ағзасын ауыстырғандардың ашық жарысы басталды
20:55, 22 қыркүйек 2017
Ақтауда ағзасын ауыстырғандардың ашық жарысы басталды
Толығырақ...
Қазақстан бокс федерациясы кубогының турнирі басталды
20:55, 22 қыркүйек 2017
Қазақстан бокс федерациясы кубогының турнирі басталды
Толығырақ...
Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
18:53, 22 қыркүйек 2017
Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстан блоггерлері Маңғыстауда
20:42, 18 қыркүйек 2017
Қазақстан блоггерлері Маңғыстауда
Толығырақ...
Ақтауда мүгедек балаларға арналған  жаттығу залы жоқ
19:17, 18 қыркүйек 2017
Ақтауда мүгедек балаларға арналған жаттығу залы жоқ
Толығырақ...