Қазақы ет орталығы ашылды

Ақтау қаласында жаңа қызмет түрі пайда болды. Үйіңізге асылған ет әкеліп береді. Қазы-қарта, жал-жая, наны бар ет - үйден арнайы пісіріліп жеткізіледі. Ұлттық асты насихаттауды қолға алған кәсіпкерлер сұраныстың көп екенін айтады. Енді олар ұлттық брендке айналдыруды мұрат қылып отыр.

21:04, 16 наурыз 2017   686

Қазақтың асылған еті - әлемге танылып келеді. Сүрленген ет, қазы-қарта, бұжы - бұлар әр қазақ сүйіп жейтін жеңсік ас іспетті. Мәнет Шырақбайдың айтуынша көшеде жедел дайындалатын асқазанға ауыр шетелдік тағамнан бір кесе сорпа артық. Орталық тек ұлттық асымыздың артықшылығын көрсетіп, дәмі мен сәнін кетірмесе болғаны,-дейді ол.

Мәнет Шырақбай - қала тұрғыны

Егер осы араға үлкендер бас болып, жастарды әкеліп көрсетсек, қызығушылық оянады. Жасыратыны жоқ, өзбектің мантысын Өзбекстанға барып үйреніп келген жоқ қой. Олар кафесін ашып, басқалар содан үйренді.

Орталықта еттен бөлек, "жорық қуырдақ", шұбат, құрт-балқаймақ, ірімшік, бұжы бар. Кіре берісте қолға су құйып, табақты аларда келін сәлем етіп жөн-жоралғыны сақтайды.

Айсара Айтман - тілші

Мынау - қазақтың ұлттық тағамы "жорық қуырдақ". Батырлар жорыққа шығарда пісірілген. Мұны бірнеше сағат пеште бұқтырып пісіреді. Бұл -Нағиманың өз рецептісімен дайындалған. Нағима, мұны кімнен үйрендіңіз?

Нағима

Енемнен үйрендім. Жастарға да үйретемін. Мұны бірнеше сағат пісіресіз. Дәмдеуіштер қосасыз.

Халық арасында пікір әр алуан. Қанияш Айтжанова - бірнеше келін жұмсап отыр. Келінге жұмыс қалмайтын болды деп алаңдаулы.

Қанияш Айтжанова - қала тұрғыны

Етімізді де пісіріп әкелетін болса, келіндерімізге не жұмыс қалады? Өзім болсам қазыны да өзім салып, зім асып жегенге не жетсін?!

Дегенмен, ғұсыл-дәретпен, басына орамал тағып адал пісірілген етке тапсырыс берушілер көбейіп келеді. Ол жұмысбасты жандар үшін қолайлы. Шетелдіктер де осы жерден қазақтың ұлттық асының дәмін тата алады. Ішіп-жеп қана қоймай, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын көре алады.

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14