ШҰҒЫЛ! Қаңғыбас иттер көбейді Толығырақ

Кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп отыр

19:49, 14 қаңтар 2021

Жергілікті кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп отыр. Мәселен, "Қарапайым заттар экономикасы " бағдарламасы аясында өңірде 750 жұмыс орны құрылды. Оның дені туризм, тамақ өнеркәсібі, денсаулық сақтау сияқты салалар. Жобалардың ең көбі Мұнайлы мен Тұпқараған аудандарында жүзеге асып жатыр. Қазір осы бағдарлама бойынша 107 жобаны іске асыру қарастырылған. Оның тоқсан сегізіне қаржы бөлінді. Сондай-ақ, "Бизнес-мектеп" жобасы шеңберінде 469 адам кәсіпкерлік негіздерін игерді. Ал "Бастау" жобасы бойынша аймақтың 990 жұмыссыз тұрғыны бизнесті үйрену үшін білім алды. Айта кетейік, пандемия кезінде оқыту онлайн түрде жүргізілді.

Әлия Акинова - Облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы

Кәсіпкерлердің қазіргі жағдайын талқылау мақсатында, оларға анализ жүргізу мақсатында, олардың үкіметтен қандай көмектеріне мұқтаж екенін білу мақсатында біздер кешегі желтоқсанның 15 күнінің ішінде екі мың жарымнан астам кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргіздік. Үкімет тарапынан қолдау алған кәсіпкерлер өздерінің несиелерін кейінге шегеру арқылы көптеген кәсіпкерлер өзінің алғыстарын білдіруде. Олар енді келесі осындай антикризистік бағдарламаларға өздерінің ұсыныстарын да білдіріп отыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық мәслихаттың жаңа құрамы бекітілді
23:07, 15 қаңтар 2021
Облыстық мәслихаттың жаңа құрамы бекітілді
Толығырақ...
Қалалық мәслихат жаңа құрамда қызметке кірісті
21:25, 15 қаңтар 2021
Қалалық мәслихат жаңа құрамда қызметке кірісті
Толығырақ...
Премьер-министр лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасы мақұлданды
21:13, 15 қаңтар 2021
Премьер-министр лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасы мақұ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды
19:49, 14 қаңтар 2021
Өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды
Толығырақ...
Облыстық мәслихаттың жаңа құрамы бекітілді
23:07, 15 қаңтар 2021
Облыстық мәслихаттың жаңа құрамы бекітілді
Толығырақ...