Кітап сатып ал да - Қаламқасқа көмек бер!

Арнамызға Түпқараған ауданы тұрғыны келіп, көмекке мұқтаж кейіпкерге қол ұшын бергісі келетінін жеткізді. Қайырымды жан отаға қажетті қаражатты өзінің жазып, шығарған кітабын сату арқылы жинамақ.

21:07, 18 мамыр 2017   293

Бағдат Рахман шығарған өлеңдер мен эссе жинағының құны 1000 теңге. Әзірге бұл кітаптың 30 данасы сатылған. Алдағы уақытта тағы 100 ге жуық кітапты сатпақшы. Осылайша, бетін күйік шалған 4-жасар Қаламқас есімді бүлдіршіннің кезекті отасына қажетті қаражат жинап, анасына тапсырады. Естеріңізге сала кетейік,  5 айлығында бесікте жатқан Қаламқастың бетін 80 пайыз күйік шалған. Содан бері, 6 отаны басынан өткерді. Мамырдың 24-і күні Астанада бүлдіршінге 7-ші рет ота жасалмақ.

Бағдат Рахман

Барлық адам баласы бір-біріне көмектесу керек. Бұл баланың басынан өткен жағдай, әр адамның басына келуі әбден мүмкін. Мейрімділік жасаған ол адамға сауап болғанымен екінші жағынан адамгершілік құндылықты көтереді деп ойлаймын.

Банкомат номері:4402573571651308

KZ 076010002000309853

ИИН:690523401238

Байланыс тел: 8702-295-36-71

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14