ШҰҒЫЛ! Заңсыз бекіре тұқымдас балығын тасымалдаған екі күдікті ұсталды Толығырақ

Қобыз үні Римде қалықтады

20:44, 19 сәуір 2017

Қазақ қобызының үні Италияда өткен халықаралық байқауда ішекті аспаптардың бәрінің үнінен ерекше естілді. Рим аспанына әуен қалықтатқан - жаңаөзендік 11 жасар Айнұр Шүкірова. 3 жылдан бері саз мектебінде тәлім алған оқушы 60-ға жуық өнерпаз арасында 1 орынды иеленді.

Айнұрдың Рим сахнасында орындаған 4 шығарманың бірі - осы "Дайдейді-ау". Ұстаздарының үйреткенін өнерпаздар байқауында өз деңдейінде ойнаған ұғымтал қыз 9-11 жас аралығындағылардан дара шықты. Байқауда ішекті аспаптар арасында қазақтың қобызының үні ерекше естілді,- дейді ол.

Айнұр Шүкірова - қобызшы

Құрманғазының "Адайын", Халық әні "Дайдейді-ау", Иоганис Брамстың "Венгерцкий танецін", Ықыластың "Жезкиігін" орындадым. Менің мақсатым - осы қобыз аспабымен Қазақстанды бүкіл әлемге таныту.

Жас өнерпаздың арманы осындай. Оған бір қадам жақындап, әлем додасында топ жарды.  Ресей, Корея, Польшадан да талантты жастар жиналған байқаудың шымылдығын қазақстандық Айнұр Шүкірова ашқан.

Әсем Шүкірова - А.Шүкірованың анасы

Қатысушылардың ең кішісі Айнұр болды. Ең бірінші "Қазақстан, Айнұр" деп концертті ашқанда төбеміз көкке жетті. Өте жақсы орындап шықты. Көрермендер өте ыстық қабылдады. Италия өнердің дамыған жері ғой. Олар өте ыстық қабылдады, соншама қошемет көрсетті.

Айнұр ән де айтады. Би де билейді. Талай сыннан жүлде иеленген. Ол Римнен өзі оқитын Мұрат Өскенбаев атындағы саз мектебіне де "Алғыс" хатын алып келді.

Тақырып бойынша материалдар

Тұтынушыларына заңсыз қор-қор ұсынған түнгі клуб анықталды
20:24, 16 қаңтар 2018
Тұтынушыларына заңсыз қор-қор ұсынған түнгі клуб анықталды
Толығырақ...
Білім саласы мамандары жолдауды талқылады
19:06, 16 қаңтар 2018
Білім саласы мамандары жолдауды талқылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ақтау қаласы Ақшұқырға дейін созылады
20:59, 11 қаңтар 2018
Ақтау қаласы Ақшұқырға дейін созылады
Толығырақ...
Ақтау қаласының бас жоспары өзгереді
20:57, 10 қаңтар 2018
Ақтау қаласының бас жоспары өзгереді
Толығырақ...