ШҰҒЫЛ! Жол апаты Толығырақ

Коммуналдық қызметсіз қалған тұрғын үй

20:56, 14 қаңтар 2021

Жеке пәтер иелері кооперативінен бас тартып, мүлік иелері бірлестігін құрған тұрғындар түсінбеушілікке тап болды. Коммуналдық мекеме 30-шағынаудандағы 169-үйге 1 қаңтардан бастап қызмет көрсетуін тоқтатқан. Ал жаңа бірлестік әлі де ұйымдастыру мәселелерімен жүр. Екі аптадан бері тазалық жүргізілмеген ауланың өзі тұрғындар үшін жайсыздық тудырып отыр. Айнұр Маратқызы мәселенің мән-жайын біліп қайтты.

Әлі бізге өткізген жоқ. Подвалды көрдіңіздер, қандай состояниеде тұрғанын...

Бұл жертөледен желтоқсанда жағымсыз иіс шыға бастаған. Анықталғанындай, онда қалдық су жиналып қалыпты. Тұрғындар табандылықпен талап ете жүріп, әрең тазалатып алған. Қызметін осылай немқұрайлы атқарғандықтан да, бұл кооперативтен бас тартқан едік, - дейді тұрғындар.

Зейнеш Аманшаева - тұрғын

Бізге осы күнге дейін Шапқан, ИП Шапқан сол кісі обслуживать етті ғой. Қазір шынын айтқанда жаңа жылдан бері тазалық жоқ. Оның бәрін тоқтатты. Бүгінге дейін шынын айтқанда көптеген нелер болды. Канализация, подвалдың несінде. Ол кісі өйтіп қатты жұмыс жасаған жоқ.

Қымбат Ақболатова - тұрғын

Жаңа жылдан кейін вообще жуылған жоқ. Өзіміз тазалықты жақсы көретін болған соң өзіміз тазалап аламыз.   

Бірауыздан шешім қабылдаған тұрғындар жаңа жүйеге жылдам ауысып, мүлік иелері бірлестігін құрады. Өткен жылы 22 желтоқсанда тіркепті. Мұны естіген кооператив директоры дереу қызмет көрсетуді тоқтатқан.

Құрманғали Сағындықов - тұрғын

Өзіміз атқару жөнінде соның келісімімен өзіміздің тұрғын үйдің ішінде төраға сайлап, оның мүшелері сайланып, тұрғындармен опрос жүргізіп бәрін жүргізгенбіз. Біз өз-өзімізді алып кетеміз. Ең енді соған қарап тұрған кезімізде, соны ести салып, Шапқан өзінің жасап отқан жұмысын тоқтап тастағаны бізді қатты қынжылтты. Тоқтаған жоқ, әлі бізге өткізген жоқ.

Бұрынғы қызмет көрсетушінің ойынша, оның тарапынан еш ағаттық кетпеген. Мүлік иелері бірлестігі құрылғандықтан, қызмет тоқтатылуы тиіс деп санайды. Тұрғындар тарапынан жазбаша өтініш болмағанын алға тартады.

Дәуіт Шапқанов - жеке пәтер иелері кооперативінің директоры

Маған айтты. Біз ОСИ ді құрдық деп. Ол ана расчетный счет ашылды, ашылмады ол другое. Самое главное протокол общего собрание қолдарында бар. Олар халықтан келісімді алды. ОСИ құрылды. Ешқандай қарсылығым жоқ. Бірақ ОСИ құрылғаннан кейін, біз жұмысты тоқтатумыз керек. Если было бы письменное уведомление маған ЖК Шапқановқа ОСИ құрылған кездегі переходный периодта жұмысымызды жалғастыруды сұраймыз десе, біз жалғастыратын едік. 

Ал мүлік иелері бірлестігін құру процесін жеделдету мақсатында ашылған арнайы қолдау орталығының басшысы заң жүзінде қызмет көрсетушінің жұмысын тоқтатуға еш негіз жоқ, - дейді.

Қайырғали Қалмұқанов  - басқарушы және сервистік компаниялар қауымдастығының төрағасы 

Қызметті пока акт прием-передачи болмағанша, құжаттарды бермегенше, бұрынғы қызмет жасап жүрген мекеме жасау керек. Себебі, тіркеуден кейін, тіркеу 22 желтоқсан күні болғанмен, 25 ма, 24 ма алды. ОЛ ЦОН-нан алады. ЦОН-нан алғаннан кейін 15 күннің ішінде счет ашу керек банктен. Себебі, счет ашпай ешкім онымен келісімшартқа отырмайды. Счет ашқаннан кейін, келісімшартқа отырады бір мекемемен. Содан кейін, ескерту береді бұрынғы КСК-ға. 3 күннің ішінде тапсыруыңызды сұраймыз деп. 3 күннің ішінде тапсырғаннан кейін сол кезден бстап ОСИ-дің жұмысы басталады. Оған дейін КСК қызмет көрсетеді барлық жағдайда да.

Айта кетейік, бүгінге дейін өңірде 34 мүлік иелері бірлестігі тіркелген, оның 23-і Ақтауда. Бұл - аймақтар арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Жаңа жүйеге 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін барлық тұрғын үйлер өтуі тиіс. 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Бүгін Мемлекет басшысы Үкіметтің жаңа құрамын жасақтады
21:20, 18 қаңтар 2021
Бүгін Мемлекет басшысы Үкіметтің жаңа құрамын жасақтады
Толығырақ...
Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау бойынша кеңес өтті
21:20, 18 қаңтар 2021
Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау бойынша кеңес өтті
Толығырақ...
2021-2025 жылдарға арналған облысты дамыту бағдарламасы
21:19, 18 қаңтар 2021
2021-2025 жылдарға арналған облысты дамыту бағдарламасы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды
19:49, 14 қаңтар 2021
Өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды
Толығырақ...
Облыстық мәслихаттың жаңа құрамы бекітілді
23:07, 15 қаңтар 2021
Облыстық мәслихаттың жаңа құрамы бекітілді
Толығырақ...