
Жаңаөзендегі бірқатар көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуді талап етеді. Отырған баспаналарының апатты жағдайға жетпеуін көксеген жаңаөзендіктер бірнеше рет арнамызға хабарласқан еді. Әсіресе,«Шұғыла» шағын ауданындағы №6 үйдің тұрғындарын бұл мәселе қатты алаңдатты. Тұрғындар талабына құлақ түрген қала әкімдігі мәселенің оң шешім табуына ықпал танытқан болатын.