ШҰҒЫЛ! Сауда ойын-сауық кешендерінде 637 заңбұзушылық анықталды Толығырақ

Косметолог қателігі

22:24, 17 ақпан 2017

Артық қыламын деп, бетін тыртық қылды. Ажарланамын деп косметологқа барып, бетін күйдірген бойжеткен редакциямызға шағымданып келді. Ол жүзіндегі тырнақтай дақты кетірмек болған. Алайда, салоннан шыққан күні қос беті күлбіреп күйіп қалды. Содан бері жүзін жасырып жүр. Қызметке көңілі толмаған қыз құзыретті органға да барған. Бірақ, іс басталмай жабылыпты.

Жансұлу Құбашева алғаш рет косметолог көмегіне жүгінген. Бетін тазартпас бұрын білікті мамандарды көп іздеді. Сөйтіп, әлеуметтік желі арқылы маманмен байланысып, сұлулық салонына келеді. Косметолог  арнайы сұйықтықпен оның 3 қабат бет терісін сыдырған. Бірден күйгенін сезгенін Жансұлуды бұл қалыпты жағдай деп сендіреді. Бірақ, олай болмай шықты. Салдарынан қызуы көтеріліп, беті ісіп, кейін орыны қара дақ болып қалды.   

Жансұлу Құбашева

Енді не істерімді білмеймін.  Визитная карточка бет дейді ғой. Мен мынадай бетпен қайда барамын. Емдететін ақша керек. УВД-ға барып едім өтініш жазғанмын. Оны жоғалтып алдым дейді.

Бұл жаңа жыл алдында болған жағдай. Мерекеге әрленбек болған Жансұлу екі арада сенделіп қалды. Жеке клиникаға барып, тексеруден өтеді. Дәрігерлер оның беті химиялық күйік екенін растап отыр. Артық қылам деп тыртық қылған косметолог оны 2 ай тегін емдесе де нәтежие жоқ. Енді қашып жүр. Біз де бірнеше рет хабарласып көргенбіз. Жауап мынау. 

Хабарласқан косметолог жоқ. Жансұлу Құбашева косметологтың үстінен арызданды. Ішкі істер департаменті оның шағымын қабылдағанмен іс қозғалмайтынын айтады. Өйткені ешқандай қылмыс жоқ. Тергеушілер Жансұлуға азаматтық сотқа жүгінуге кеңес береді. Бұл жалғыз Жансұлудың басындағы жағдай емес, елімізде сұлулықтың соңы сор боп жабысқан 200-ден аса қыз келіншек бар екен.

Айман Нұрмағанбет

Салонға келген әр әйел “сұлулық сыйлаушы” маманның сертификатын талап ету қажет. Болмаса өзі опық жейді. Өйткені  елде сұлулық салоны қызметкерлерін жауапқа тартатын бірде бір бап жоқ екен.Сондай-ақ, маманның ісі мен пайдаланатын құрал жабдықтың сапасына мән берген жөн. Баға емес сапа маңызды. Қаперіңізде жүрсін!

Тақырып бойынша материалдар

Ақтауда банкке қарақшылық шабуыл жасалды
20:30, 21 мамыр 2018
Ақтауда банкке қарақшылық шабуыл жасалды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20-шағынаудандағы жерлер аукционға шығарылды
19:18, 17 мамыр 2018
20-шағынаудандағы жерлер аукционға шығарылды
Толығырақ...
Мобилді бейнетіркегіш 5 күнде 219 заңсыздықты анықтады
20:05, 17 мамыр 2018
Мобилді бейнетіркегіш 5 күнде 219 заңсыздықты анықтады
Толығырақ...