ҚР Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау Министрі Ақтауда

Бүгін Маңғыстау облысына ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова келді. Жұмыс сапары барысында министр облыс әкімі және мемлекеттік қызметкерлермен кездесті. Жиында әлеуметтік-еңбек саласындағы негізгі жаңашылдықтар туралы айтып берді.

21:27, 17 наурыз 2017   479

Алдымен министр 1-ші қаңтардан бастап "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын" жүзеге асыру қолға алынғанын еске салды. Биыл бағдарламаны жүзеге асыруға бюджет қаржысы 85,3 млрд теңгені құраса, оның 2,2 млрд теңгесі біздің өңірге бөлінген. Нәтижесінде, 5,6 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Тамара Дүйсенова - ҚР Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау Министрі

Тек қана өзгеріс мынада, егер де біз "Жұмыспен қамту" бағдарламасында 3 млн беріліп, 5 жылға ауыл азаматтарына ғана кредит беріп жүрген болатын болсақ, бұл бағдарламада біз барлық кредиттің түрін бір бағдарламаға әкеліп қостық.  Яғни, бұрын қалада "Даму" беретін, ауыл шаруашылығы хрестянский холяйстволарға беретінбіз. Енді қазір бәрін бірге қосып, кредиттің көлемін 5 млн-нан 3млн-нан 18 млн-ға дейін көбейді.

Сонымен, бағдарлама аясында мектепті аяқтаған соң оқу орнына түспеген жастар да назарға алынады. Мәселен, биыл техникалық және кәсіби оқуға 21 мыңнан астам жастар ілікпек. Ал, мемлекет олардың оқуға кететін шығындарын толық жауып, шәкіртақы төлейді.

Ералы Тоғжанов - Маңғыстау облысының әкімі

Қаншама балалар оқиды КИПО-лар арқылы өтеді, бірақ оқып шыққан балалар кейін бұл жұмысқа талаптарға сәйкес келмейтін болса, ол балаларды не үшін 2 жыл 5  - 2 жыл 8 ай оқыттық оларды? Егер жұмысқа тұруға мүмкіндігі болмайтын болса, соншама жыл мемлекеттің ақшасын не үшін бөлдік. Сондықтан, мына көтерілген сұрақтардың барлығы орынды. Елбасының қойып отырған  талабы осы. Әкімдердің алдында қойлыған негізгі сұрақ, ең бірінші сұрақ жұмыспен қамту. Жұмыспен қамту мұны міндетті түрде бірлесе отырып шешеміз.

Сондай-ақ, жиында зейнетақылар мен жәрдемақыларға енген өзгерістерді егжей-тегжейлі әңгімелеп берді. Ынтымақты зейнетақы - 11 пайызға, базалық зейнетақы - 13 пайызға артады. Нәтижесінде, қазір зейнетақының орташа мөлшері 60 мың 167 теңге болса, 1-шілдеден бастап 66 мың 676 теңгеге дейін жоғарылайды. Бала туғанға төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері де 1-ші шілдеден бастап 20 пайызға көтерілмек.

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14