ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті 25 жылдығын атап өтті

Олар өмірдің кез-келген сынағына жасымай төтеп береді. Олар жоғары білікті арнайы мамандар. Олар Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облыстық департаментінің қызметкерлері. Бүгін айтылған сала қызметкерлері 25 жылдығын атап өтті. Салтанатты шарада үздіктер төсбелгілермен, алғыс хаттармен марапатталды.

19:20, 13 шілде 2017   144

Салтанатты шарада мереке иелері төрден орын алды. Бүгінгі күннің қаһармандарын аймақ басшысы арнайы құттықтап, қауіпсіздік қызметінің маңызына тоқталды.

Ералы Тоғжанов - Маңғыстау облысының әкімі

Еліміздегі тыныштық пен келісімді,  халықтың болашаққа деген сенімін нығайту тұрақтылықпен байланысты. Бар байлықтың берекенің де бастау алуы ол бірлік. Ел тыныштығын қасқапай күзету, мерейлі мәртебе, асқақ абырой. Елдегі тұрақтылықты, ұлтаралық конфессияаралық келімді, терроризмді, лаңкестікті жоюда сіздің үлестеріңіз айрықша.

Кез келген қауіп-қатердің алдын алу. Ел тыныштығын қамтамасыз ету. Лаңкестік әрекеттің жолын кесу. Бұл ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облыстық департамент мамандарының басты міндеті. Олар күн демей, түн демей қашан да күрделі мәселелерді шешеді.

Ерлік Тайжанов - ҚР ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы

25 жылда мемлекеттік құпияларды сақтау, барлау және ҚР ішкі істеріне заңсыз араласуға қарсы күрестің жүйесін құрды. Сондай-ақ, Маңғыстау аймағында  жүзеге асырылған "Виктория" қарсы бақылау операциясы ұлттық қауіпсіздік қызметінің тарихында өшпес із қалдырды.

Шарада қауіпсіздік саласының 90 қызметкері арнайы төс белгімен және алғыс хаттармен марапатталды. Еңбегі ескерусіз қалмағанның бірі - Марат Төсекбаев. Көрінбес майданда қызмет еткеніне 18 жыл. 

Марат Төсекбаев - ҚР ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің конституциялық құрылым қорғау басқармасының басшысы

Өте ризамын. Бүгін облыс әкімінің атынан алғыс хат алып жатырмын. ҰҚ қызметкерлерін мерекемен құттықтаймын. Жұмыста табыс тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері соңғы 10 жылда  террорлық сипаттағы 100 шақты зорлық-зомбылық актісінің алдын алған. Бұл елім деген ерлердің ерен еңбегі.

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14