Қылмыс азайып, бұзақылық көбейіп барады

Ақтауда қылмыс өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға азайған. Оның ішінде бұзақылық пен қару пайдаланып жасалған қылмыстар төмендеді. Бұл қуанарлық жайт, - дейді қалалық мәслихат сессиясына жиналған депутаттар. Дегенмен жол қауіпсіздігін бұзатындар азаяр емес. Жылдамдық арттырып, желіккендер көбейген. Ережеге бағынбайтындар да бар. Өткен жылы қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 8000-ға жуық жүргізушіге айыппұл салынды.

21:27, 17 наурыз 2017   423

Қалада қылмыс деңгейі төмендегенмен, ұсақ құқық бұзушылықтар азаймай тұр. Өткен жылы осындай 64 мыңнан аса жағдай тіркелді. Дені қоғамдық қоғамдық орындарда тәртіп бұзғандар. Оларға 403 млн. теңге айыппұл салынды.

Омар Тасқымбаев - қалалық ІІБ ЖПҚ бастығы

Қоғамдық орындарға масаң күйде келген 5430 дерек тіркелді. Былтыр бұл көрсеткіш 5428 еді. Көріп отырсыз, көрсеткіщ азаймай тұр. Сондықтан қоғамдық орындарға қадағалауды күшейту керек деп ойлаймын. Бұдан бөлек, алаңдарда темекі шегу де бар. Мұндай 4311 дерек тіркелді.

Қылмыс пен құқық бұзушылықтан өзге халық қалаулылары көшедегі бағдаршам мәселесіне тоқталды. Сондай-ақ, қала жолдарында жүргіншілер жолағы аз екенін айтты.

Марат Молдағұлов - қалалық мәслихат хатшысы

Ескі шағын аудандардың өздерінде де сондай аялдамаларда жүргізуші жолдары жоқ. Атап айтсам, 17 пен  13 шағын аудан ортасындағы аялдамада, 29 бен 29 а ортасында. Қадағалап, мониториг жасау керек. Аялдаманы не болмаса бағдаршамға жақындату керек. 

Омар Тасқымбаев - қалалық ІІБ ЖПҚ бастығы

Зерттеу жүріп жатыр жолдарға. Қала жолдары бізге қолдау көрсетуде.

Осылайша жиында қаладағы  қоғамдық тәртіпті нығайту керектігі айтылды. Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алуға бағытталған жұмыстардың сапасына депуттатар оң бағасын берді.  Қала әкімі халықтың полицияға дейін сенімі артуы керектігін баса айтты.

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14