ШҰҒЫЛ! Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты Толығырақ

"Қырағы көз" - түнгі рейдте

19:14, 14 шілде 2017

Жол ережелерімен санасқысы келмегендер жол сақшыларының қолына түсті. Кезекті рейдтте қала аумағына рейдке әріптесім Жасұлан Мұқан бірнеше заңбұзушылықтың куәсі болды. Олардың кейбірі жазадан құтылу үшін таныс-тамырларына телефон соқса, енді бірі талапты орындағысы келмей қарсыласты.

Сақшы көлігіне мінгеніміз сол еді, радиоқабылдағыштан жүргізушінің бағынбай жатқандығы туралы ақпар келіп түсті. Біздер де ат басын сол жаққа бұрдық. Мерседес автокөлігі алдыңғы терезеге перде тағып алғаны үшін тоқтатылған екен. Алайда, құжаттарын көрсеткісі келмей қыңырлық танытыпты.

Жүргізуші жан-жаққа қоңырау шалып еді, онысынан түк шықпады. Бақсақ,  бақа екен. Оның заңға бағынбау себебі анықталды: көлік иесі құжаттан жұрдай болып шықты. Дереу көлігі айыптұраққа жабылды.

Күндіз жарықшамын жақпаған жүргізушінің талайын кездестірдік, алайда түнде фарларын қоспаған көлікті бірінші рет көрдік. Киа автокөлігінің иесі  заңды белшесінен басып жүр. Төрт шамының түгелі сөніп тұр.

Бәрінің айтатыны - бір сылтау: мына жерден қозғалып едім, ұмытып кетіппін,- дейді. Жүргізушіге тиісті әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Қалада жүгенсіз жүргізуші көбейген. Тағы бірі мына Лада приора автокөлігінің жүргізушісі. Ол өзін "Форсаж" киносының кейіпкері сезінсе керек, темір тұлпарын шыр айналдырған. Ал, көлікті тоқтатқан тәртіп сақшыларына құжаттарын көрсетудің орнына, көлігінің есігін кілтеп тастап, қарап отырған.

Оның көлік басқару құжаты жоқ екен.  Алайда, қанша қашқақтаса да, заңға бағыну керек.

Айыбын білсе де, айылын жинар емес. Қарсыласып, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты.  Амалсыздан көліктің кілтін берді. Тәртіп сақшылары темір тұлпарды айптұраққа жауып, жүргізушіге айыппұл салды.

Тақырып бойынша материалдар

Ақтауда ағзасын ауыстырғандардың ашық жарысы басталды
20:55, 22 қыркүйек 2017
Ақтауда ағзасын ауыстырғандардың ашық жарысы басталды
Толығырақ...
Қазақстан бокс федерациясы кубогының турнирі басталды
20:55, 22 қыркүйек 2017
Қазақстан бокс федерациясы кубогының турнирі басталды
Толығырақ...
Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
18:53, 22 қыркүйек 2017
Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстан блоггерлері Маңғыстауда
20:42, 18 қыркүйек 2017
Қазақстан блоггерлері Маңғыстауда
Толығырақ...
Ақтауда мүгедек балаларға арналған  жаттығу залы жоқ
19:17, 18 қыркүйек 2017
Ақтауда мүгедек балаларға арналған жаттығу залы жоқ
Толығырақ...