ШҰҒЫЛ! Маңғыстаулықтар Д.Теннің отбасына көңіл айтты Толығырақ

Қырағы көз Жаңаөзенде

21:04, 12 қыркүйек 2017

"Қырағы көз" Жаңаөзенде де рейдке шықты. Үш күннің ішінде жол ережесін бұзған 471 жүргізуші анықталды.

Оның ішінде мас  күйінде  темір тұлпар басқарғандар 8 болса, құжатсыз жүргендер саны 16-дан асып жығылды . Тәртіп сақшыларымен түнгі  рейд шарасына қатысқан әріптесім Райымгул Махамбетованың бейнесюжетінде.

Мұнайлы шаһарда демалыс күндері жол сақшылары күшейтілген түрде рейд жұмыс  атқарды. Қала  ішінде қауіпсіздік белдігін  тақпаған 842 нөмерлі  ауди   көлігі  бірден  көзге  ілікті.

Артынан   ерген  тәртіп сақшыларын  көрсе де,  көзге  ілмеген  азамат, қолындағы темекісін тастамай, еш қысылмастан  көліктен түсті. Сылтауы   көлікті қозғаған бойым, белдікті  тағып үлгермедім дегені.  Хаттама толтырылып, жүргізуші  айыппұл  арқалады.

Жедел  басқару орталығынан топтасып  төбелескендер туралы  хабарлама келіп түсті. Вокзал  маңында құқық бұзғандарды жылдам қимылдайтын  арнайы  жасақ тобы тәртіпке шақырды.

Сағат 23-тен кейін  көше  кезген  жасөспірім  кездеспегенімен,  компютерлік  клубта уақытын  босқа өткізген бір оқушы  анықталды.  Әкімші  жігіт,  кәмелет  жасқа толмаған баланы  түнгі  мезгілде  ойынханаға  кірігзгені үшін сот шешімімен жауапқа  тартылмақ.

Түнгі  сағат 12-лер шамасы. Рахат ауылындағы  дәмханаға  жиналғандардың  қарасы  көп.  Олардың ішінде  шайтан суға тойып  алып,  көрінгенмен  іліккен  егде жастағы  азамат заңға  бағынғысы келмеді.

Қоғамдық  орында бұзақылық жасағаны былай тұрсын,983 номерлі Монтеро көлігіне мініп  қауіпсідік белдігін де  тақпаған.  Бұл заңды сыйламағандық па, әлде  тіртіп сақшыларына  көрсеткен қыры ма? Түсіне  алмадық.  Енді жүгенсіз  азамат  айыппұл төлейтін болады.Жалпы Жаңаөзен  аумағында үш күннің  ішінде  рейд  кезінде  барлығы 471 әкімшілік хаттам толтырылды.  Олардың ішінде  ішкілікті  күйде  темір тұлпар тізгіндігендердің саны 16. 

Тақырып бойынша материалдар

Маңғыстаулықтар Д.Теннің отбасына көңіл айтты
19:57, 20 шілде 2018
Маңғыстаулықтар Д.Теннің отбасына көңіл айтты
Толығырақ...
Мемлекеттік тіл арнайы заңмен қорғалуы керек
19:57, 20 шілде 2018
Мемлекеттік тіл арнайы заңмен қорғалуы керек
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Облыста медицина саласында мәселе шаш етектен
19:09, 16 шілде 2018
Облыста медицина саласында мәселе шаш етектен
Толығырақ...
Кәсіпкер әйелдерге жеңілдетілген несие беріледі
19:08, 19 шілде 2018
Кәсіпкер әйелдерге жеңілдетілген несие беріледі
Толығырақ...