Маңғыстау көкпаршылары жүлделі оралды

Тақымына көкпардың тері сіңген маңғыстаулық жастар ел біріншілігінен жүлделі оралды. Таразда өткен жарыста жастар көкпар, жамбы ату, теңге ілу сынды ұлттық ойындардан бақ сынады. Жерлестеріміз көкпардан екінші, теңге ілу мен жамбы атудан үшінші орынға қол жеткізді. Чемпионатқа барлық облыстан 12 көкпар командасы қатысқан.

20:44, 19 сәуір 2017   298

Маңғыстаулық көкпаршылардың бұл үшінші чемпионаты. Өткен бірінішілікте үшінші орыннан көрінген команда бұл жолы өз көрсеткіштерін жоғарлата алды. Олар Тараз ипподромында төрт қарсыластан басым түсті.  Жартылай финалда алматылықтардың жолын орады. Финалда алаң қожайындарына 6-5 есебімен ұтылып, күміс жүлдеге ие болды.

Досан Еламанов - "Адай ата" командасының ойыншысы

Бірінші таймда ұтып жатырғанбыз 2-0 қылып. Келесі таймда аттарымыз шаршап, ауырып қалып алыс жол жүріп барғанша соның кесірнен аттарымыз ауырып сол кедергі болды.

Ұлттық спорт түрлері қазір Маңғыстуда жоғары қарқынмен дамып келеді. Бүгінде Ақтау мен Жаңаөзенен өзге бес ауданда орталық бар. Осы жолы чемпионатта аталмыш спортшылар бақ сынады. Нәтиже көңіл қуантады.  Руслан Дүйсенбай  20 рет қазандықты дәл көздеп  "Үздік салымшы атанды.

Қанағат Сүйебаев - Маңғыстау облыстық ат спорты клубының директоры

Сырт командалардың көбі лигионерден жасақталған. Біз басқа командаларға үлгі көрсеттік. Маңғыстаудың жігіттері көкпар тарта алады дегенді көрсеттік.

Ересектер командасы Алматы қаласында өтетін біріншілікке әзірленіп жатыр. Жеңіампаз команда  Астана қаласында ЭКСПО көрмесі аясында өтетін әлем біріншілігінде  ел намысын қорғайды. Қазірдің өзінде адайаталық төрт көкпаршы ұлттық құрама сапында.

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14