ШҰҒЫЛ! Жолсыз қалған жалғыз көше Толығырақ

Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған екінші адам тіркелді

03:58, 4 сәуір 2020

Науқас тшрып жатқан үй подъезі карантинге жабылды. ​Науқас Ақтауға іссапармен келген 50 жастағы Қызылорда облысының тумасы. Оның коронавирус инфекциясын жұқтырғанын бүгін жасалған сараптама нәтижесі растады. Бірден боксқа оқшауланып, ауруханаға жатқызылды. Қазір науқастың уақытша тұрып жатқан үй подъезі (Ақтау қаласындағы 11-шағын ауданда орналасқан 10-үй) карантинге жабылды. Онымен тікелей байланыста болған тұлғалар бірден оқшауланып, ауруханаға жатқызылды. Науқаспен қарым-қатынаста болған басқа да азаматтар анықталып жатыр. Дәрігерлер Ақтау қаласының тұрғындарын сақ болуға шақырады. Толығырақ ақпаратты ертең Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өтетін брифингте мамандар баяндап береді.

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекет басшысы БҰҰ ұйымдастырған жоғары деңгейдегі форумға қатысты
21:06, 28 мамыр 2020
Мемлекет басшысы БҰҰ ұйымдастырған жоғары деңгейдегі форумға...
Толығырақ...
Президент «Самұрық-Қазына» ұк басқарма төрағасын қабылдады
21:06, 28 мамыр 2020
Президент «Самұрық-Қазына» ұк басқарма төрағасын қабылдады
Толығырақ...
Мемлекет басшысы қорғаныс министрін қабылдады
21:06, 28 мамыр 2020
Мемлекет басшысы қорғаныс министрін қабылдады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар