"Маңғыстау жұлдыздары" фестивалі Ақтауда жалғасты

"Қазақстан - жалғыз ұлы қазақтың!". Осындай атаумен бүгін "Маңғыстау жұлдыздары" өнер фестивалінің Ақтаудағы іріктеуі өтті. Байқаудың мақсаты - жастардың рухани мәдениетін көтеру. Талантты өнерпаздарды анықтау. Қалалық додаға 140 үміткер қатысты.

20:44, 19 сәуір 2017   218

Әуезді үн. Рухты ән. "Қазақстан" деп шырқаған  өнерпаз - Ерболат Орынғалиев. Маңғыстау өнер колледжінде оқиды. Домбыра шертіп, гитарада ойнайды. Бүгінгі байқау ол үшін ерекше. Себебі оркестрдің сүйемелдеуімен алғаш  рет ән айтыпты.

Ерболат Орынғалиев - әнші

Бұл фестивалден менің күтерім-жақсы жетістіктер. Әнімді жақсы орындап шықтым деген сенімдімін. Бұйырса жеңіс шыңынан көрінейік.

Фестивалде қазақ өнерінің саңлақ туындылары шырқалды. Сазды әуендер. Тума күйлер. Қатысушылар жауһар шығармаларды орындап, көпшілікке паш етті. Енді үздік деп сараланғандар облыстық кезеңде марапатталады.

Гүлнар Базаралиева - облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары

Фестивалге қатысып жатқан өнерпаздардың саны 1000-нан астам. Биылғы талабымызда бұрын сахнада көрінбей жүрген жаңа таланттарды табу. Таланттар бар. Жақсы би ұжымдары, оркестр, дәстүрлі әншәлер. Біздерді ол қуантады.

Осыған дейін іріктеу кезеңі 4 ауданда өткен. Әр аймақтан 200-ге тарта өнерпаз қатысыпты. Фестивалде олар 11 аталым бойынша сайысқа түсуде. Өнер додасы 25 сәуірде қортындыланады.

«Қазақстан-Ақтау» Ұлттық телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14