ШҰҒЫЛ! Жол апатынан 6 адам зардап шекті Толығырақ

Маңғыстаудың әлеуеті мен мүмкіндігі талқыланды

19:14, 14 шілде 2017

Облыс әкімі өңірге арнайы сапармен келген малайзиялық делегациямен кездесті.

Тараптар Маңғыстаудың әлеуеті мен мүмкіндігін талқылады. Олар өңірдің мұнай-газ, электро-энергетика, ауыз сумен қам­­тамасыз ету және туризм си­яқты салаларын дамытуды көздейді. Айта кетсек, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аясында өткен Қазақстан - Малайзия бизнес форумында Маңғыстау облысы мен малайзиялық «Rich Energy» ком­паниясы екі жақты ме­морандумға қол қойған болатын. Бұл келісім  - екі елдің әлеу­мет­­тік-экономикалық даму жо­­­­лындағы маңызды қадам.

Ералы Тоғжанов - Маңғыстау облысының әкімі

Малайзиямен қарым-қатынасымыз баянды болатынына сенімім мол. Бәріңізге мәлім, біздің аймақ Каспийдің суын тұшытып ішеді. Сондықтан, өңірде су тұшытатын зауыттың көп болғаны жақсы. Осы бағытта жұмыстансаңыздар деймін. Сондай-ақ, сіздің елдің өкілдігі ашылса игі болады деп санаймын. Бұлекі ел арасындағы ынтымақтастықты арттырады.

Мохад Шахрин Мадарос - Малайзияның халықаралық сауда және индустрия министрлігінің өкілі

Екі ел арасындағы қарым-қатынастың нығаятынына сенімдімін. Былтыр сауда-саттық кө­ле­мі 49 млн АҚШ долла­р болды. Малайзиялық «Rich Energy» компаниясы Маңғыстауға шетелдерден инвес­ти­ция тартып, 2020 жылға қа­рай ұң­ғымалардың санын 88-ге жет­кі­зуді көздейді.

Тақырып бойынша материалдар

"Халық келісімі"  қоғамдық бірлестігіне 25 жыл
21:39, 16 ақпан 2018
"Халық келісімі" қоғамдық бірлестігіне 25 жыл
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда
20:42, 12 ақпан 2018
Мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда
Толығырақ...