Маңғыстаулық екі боксшы азия біріншілігіне қатысады

Азамат Исақұлов пен Ерік Әлжанов бокстан Ташкеннтте өтетін Азия біріншілігіне қатысады. Ұлттық құраманың бапкерлері Өзбекстен және Бакуде жалауын көтеретін жарыста рингке шығатын боксшылардың тізімін жариялады.

20:44, 19 сәуір 2017   220

Азия чемпионаты 30 сәуір мен 7 мамыр  аралығында Ташкент қаласында өтеді. Қазақстан намысын Маңғыстау бокс мектебінен 52 келі салмақта Ерік Әлжанов пен 81 келіде Азамат Исақұлов қорғайды. Қос былғары қолғап шебері биыл бірнеше халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанып, бапкерлер сеніміне ие болып отыр. Сондай-ақ, еліміздің туы астында Жомарт Ержан, Қайрат Ералиев, Әділет Құрметов, Бекдәулет Ибрагимов, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Василия Левит және Қамшыбек Қонақбаев  бақ сынайды. Сонымен қатар,  Азия біріншілігімен тұспа-тұс Бакуде өтетін Ислам ойындарында да маңғыстаулық 56 келі салмақтағы Нұрбол Қалжанов қатысады.

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14