ШҰҒЫЛ! "Жігіт сұлтаны - 2017" байқауы өтті Толығырақ

Маңғыстаулық таеквондошылар жүлделі оралды

20:52, 19 мамыр 2017

Маңғыстаулық таеквондошылар ел біріншілігінен жүлделі оралды. Алматыда өткен байрақты бәсекеге Республиканың түкпір-түкпірінен және жақын шет елдерден барлығы 750 спортшы қатысты. Ұлдар 35 келі салмақта, қыздар 23 келі салмақта өзара сынға түсіп, үздіктерді анықтады.

Ел чемпионатына Маңғыстау құрамасы жыл сайын қатысып келеді. Алайда, жүлдеге іліну қиын болатын. Биыл спортшылар тыңғылықты дайындалып, топ жарды. Көпшілікті таңқалдырғандардың бірі - Рақымжан Жексенбай. Таеквондомен небәрі 1 жыл шұғылданған ол, 8 қарсыласын тізе бүктіріп, 34 келі салмақта үздік атанды.

Рақымжан Жексенбай - жеңімпаз

Жарыста қобалжыдым. Мен бірінші орын аламын деп тіледім. Сол тілегім оындалды. Бапкерім Сәттіғұл Абитовқа алғысым шексіз!

Биыл Маңғыстау құрамасы алғаш рет командалық есепте 2-ші орын алды. Өңір намысын қорғаған 25 спортшының 14-і жүлдеге ілікті. Оның ішінде 8 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль бар. "Бұл өте жақсы нәтиже дейді - бапкер.

Сәттіғұл Абитов - "Таеквондо ГТФ" федерациясының директоры

Жарыс екі күн өтті. Жарысты оңай болды деп айтуға болмайды. Қиындау болды, балалар үшін да қиын болды. Өйткені, әр аймақ өз мықтыларын әкеледі. Бізден барған 25 бала жақсы нәтиже көрсетіп келді.

Қазақстан біріншілігінен жүлделі оралған спортшылардың демалуға уақыты жоқ. Өйткені, алда "Каспий кубогы" өтеді. Турнир өз алаңында өтетіндіктен, Сәттіғұл Абитовтың шәкірттері намысты қолдан бермеуге тырысады.

Тақырып бойынша материалдар

Теңіз порты жаңа су көліктерімен толықты
19:44, 24 қараша 2017
Теңіз порты жаңа су көліктерімен толықты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Маңғыстау облысынан Сирия мен Иракқа 50 адам кетіп қалған
16:48, 22 қараша 2017
Маңғыстау облысынан Сирия мен Иракқа 50 адам кетіп қалған
Толығырақ...