ШҰҒЫЛ! Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты Толығырақ

Медиация мақсаты - бітімгершілік

21:26, 11 қаңтар 2017

Бүгін Маңғыстаудағы этномәдени бірлестік өкілдері мен ардагерлер кеңесінің мүшелері бас қосты. Мақсат - өңірдегі бітімгерлер қызметін дәріптеу. Медиация - билер институтының заманауи үлгісі. Елімізде «Медиация туралы заң» 2011 жылы қабылданған болатын. Содан бері сот процестері анағұрлым жеңілдеді. Дегенмен халық арасында әлі түсінбеушілік бар. Өткен жылы Республика бойынша дауласқандардың 5 пайызы ғана бітімгерлер қызметіне жүгініпті.

Сотқа жүгіну - қыруар қаржы мен уақыт шығыны. Басына іс түскен адам айлап жүріп, соттың табалдырығын тоздырады. Сотқа жұмсалған шығынның 10 пайызын төлеу қажет. Ал, медиаторлар дауласқандарға кейде тегін қызмет көрсетеді. 5-10 күннің ішінде екі тарапты татуластырады. Үлкендердің пкірінше бүгінгі күні бұл қоғам үшін қажет қызмет.

Саламат Нұров - ардагерлер қоғамының мүшесі

Ажырасып жүрген жастар бар. Оларға өте обал. Олардың арасында 3-4 бала бар. Сотқа береді. Әрине сот үш айдан кейін шешім шығаруға міндетті. Бірақ, ақсақалдардың шешімі, медиаторлардың шешімі бітістірер еді.

Маңғыстау облысы бойынша 28 кәсіби, 138 кәсіби емес медиатор бар. Оларға жеңіл және орташа қылмыстық істер, еңбек дауы, қарыз мәселесі, отбасылық дауларда жүгінеді. Олардың бірі -Әдемі Кемаладинова. Ол кәсіби медиатор. 5 жылдан бері осы қайырымды іспен айналысып келеді. Татуласқан адамдарды көруден асқан сый жоқ дейді ол.

Әдемі Кемаладинова - Халықаралық құқық қорғау орталығының Маңғыстау облысы бойынша кәсіби медиаторлардың жетекшісі

Бізге ең көп жүгінетін істер - отбасылық дағдарыстар кезінде. Мысалға, ажырасу, алимент төлеу, дүние мүлік бөлісу, тумаластардың арасында қарызды қайтармаған кездерде хабарласады. 80 пайызда ерлі-зайыптылар қайта татуласып жатады.

Медиаторларды табу оңай. Олар барлық сот орындарында, әкімшілікте, "Достық үйінде", "Нұр отанның" ғимаратында жұмыс істейді. Алдағы уақытта  медиацияға жүгіну заңмен міндеттелуі мүмкін. Мақсат - соттың қызметін жеңілдетіп, дауларды барынша бейбіт түрде шешу.

Тақырып бойынша материалдар

Ақтауда ағзасын ауыстырғандардың ашық жарысы басталды
20:55, 22 қыркүйек 2017
Ақтауда ағзасын ауыстырғандардың ашық жарысы басталды
Толығырақ...
Қазақстан бокс федерациясы кубогының турнирі басталды
20:55, 22 қыркүйек 2017
Қазақстан бокс федерациясы кубогының турнирі басталды
Толығырақ...
Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
18:53, 22 қыркүйек 2017
Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстан блоггерлері Маңғыстауда
20:42, 18 қыркүйек 2017
Қазақстан блоггерлері Маңғыстауда
Толығырақ...
Ақтауда мүгедек балаларға арналған  жаттығу залы жоқ
19:17, 18 қыркүйек 2017
Ақтауда мүгедек балаларға арналған жаттығу залы жоқ
Толығырақ...