ШҰҒЫЛ! Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты Толығырақ

Мекемелерге жаңа атаулар берілді

21:26, 11 қаңтар 2017

Облыстағы 6 мәдениет және білім беру ұйымына жаңа атау берілді. Сондай-ақ, Ұштаған орта мектебі енді Асар Өтепбергеновтың есімімен аталады. Бұл үкімет қаулысымен бекітілді. Мемлекеттік мекемелерге есімдері берілген республикаға танымал, өлкеге еңбегі сіңген тұлғалар екен. Олар кімдер?

Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ұжымы 2014 жылы мекемеге  Қабиболла Сыдиықовтың есімін беруді ұсынады. Оқырмандармен ой бөлісе отырып, орталыққа әдебиеттанушы, ғалым, жазушы, ақынның есімі лайықты деп шешкен. Ұсыныс жуырда ғана бекітілді.

Нұргүл Еңсегенова - Қ.Сыдиықов атындағы МО әмбебап кітапханасының бөлім меңгерушісі

Жалпы республика кітапханаларының барлығы да өлкеге белгілі көрнекті тұлғалардың атауымен аталады. Біздің МО кітапханасының атауы жоқ еді,  енді аталатын болып біздер қуаныштымыз. Бұған әрине, оқырмандар да қуанады деп ойлаймыз.

Бұдан да басқа №7мектеп-лицей -Нәсіпқали Марабаевтың, Маңғыстау гуманитарлық колледжі- Мұрын жырау Сеңгірбекұлының, №22 жалпы білім беру орта мектебі - Серікбол Қондыбайдың есімімен аталады. Ал, Ғубайдолла Айдаровтың аты №1 жалпы білім беретін мектеп-лицейге берілсе, №8 мектеп Исатай Сүйеубаевтың есімін иеленді. Өңірдегі құзыретті орган тағы бірнеше мекемеге жаңа атау беру туралы Республикалық комиссияға құжат жолдаған.

Гүлзайда Төлеуғалиева - МО тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы

Қазіргі таңда республикалық ономастикалық комиссияның қарауына 2 құжат ұсынылды. 7 материал республикалық ономастикалық комиссияның оң шешімін алып, министрліктердің келісіміне жіберілді.

Мемлекеттік мекеме атауы Республикалық комиссия шешімімен бекітіледі. Сондықтан атқарылар шаралар жетерлік.  Ал, аудан, ауылдағы көше алаң мен саябаққа атау беру облыс мамандарының құзыретінде. Сондықтан өткен жылы өңірдегі ономастика комиссиясының мүшелері Маңғыстау, Түпқараған, Бейнеу аудандарындағы 46 көше мен Мұнайлыдағы 2 демалыс орнына атау берген.

Тақырып бойынша материалдар

Ақтауда ағзасын ауыстырғандардың ашық жарысы басталды
20:55, 22 қыркүйек 2017
Ақтауда ағзасын ауыстырғандардың ашық жарысы басталды
Толығырақ...
Қазақстан бокс федерациясы кубогының турнирі басталды
20:55, 22 қыркүйек 2017
Қазақстан бокс федерациясы кубогының турнирі басталды
Толығырақ...
Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
18:53, 22 қыркүйек 2017
Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстан блоггерлері Маңғыстауда
20:42, 18 қыркүйек 2017
Қазақстан блоггерлері Маңғыстауда
Толығырақ...
Ақтауда мүгедек балаларға арналған  жаттығу залы жоқ
19:17, 18 қыркүйек 2017
Ақтауда мүгедек балаларға арналған жаттығу залы жоқ
Толығырақ...