ШҰҒЫЛ! Заңбұзғандар жауапқа тартылды Толығырақ

Мектеп формасы қатаң бақылауда

21:04, 12 қыркүйек 2017

Облыста 80 оқушы мектеп формасын киюден бас тартқан. Қазір олардың ата-аналарымен теологтар және дінтанушылар жеке жұмыс жүргізіп жатыр.

Бұған қоса, мамандар ауысыммен жұмыс істейтін мұнайшылардың да жүріс-тұрысын бақылауға алды. Бұл жөнінде облыстық әкімдікте өткен басқосуда дін істері басқармасының басшысы мәлімдеді. Жиналыста бұқаралық спортты дамытудағы мәселелер көтерілді.Толығырақ келесі бейнематериалда.    

Облыстағы теологтар мен дінтанушылар жыл басынан бері ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейті. Олар 55 мыңға жуық тұрғынмен сөйлесіп, діни сауатын ашқан. Сайт жұмысы да реттелді. Сайтқа 20 адам жүгініп, сауалдарына жауап алған. Мамандар сатылып жатқан діни әдебиеттерді де сүзгіден өткізді. Нәтижесінде заңсыз 3 кітап сатылымнан алынды. Облыста 80 оқушының мектеп формасына сай киінбейтіні анықталған. Теологтар балалардың ата-аналарымен жұмыс жүргізіп жатыр. Облыс әкімі де осы мәселеге ерекше тоқталды.

Ералы Тоғжанов - Маңғыстау облысының әкімі

Ешқандай да қазір рұқсат болуы мүмкін емес. Қазақстанда тұратын әрбір азамат Конституцияны сақтауы керек. Қазақстан зайырлы мемлекет екенін әрбірі білуі тиіс. Ол біздің елдің адамы болсын өзге елдің адамы болсын. Біздің елдің заңын қатаң сақтауы керек. Қазір мен естіп жатырмын. "ана облыс рұқсат етті анау-мынау" дегенді. Жоқ, ешқандай болмайды.

Облыста бұқаралық спортты дамытуға ауылдарда спорт орталықтарының жоқтығы және жасөспірімдер клубының тапшылығы кедергі,- дейді спорт басқармасының өкілі. Алайда, облыс әкімі мұнымен келіспеді. Тығырықтан шығудың жолдарын қарастыруды тапсырды. Мемлекеттік қызметкерлер спортпен айналысып, көпке үлгі болу керектігін алға тартты. Бұдан бөлек күн тәртібінде туризмнің дамуы да сөз болды. Экспо көрмесіне өңірден 78 мың адам барған. Облыс басшысы Астананы көрмеген ауыл үлкендері мен оқушыларды алдағы уақытта да Елордаға тұрақты түрде жіберіп тұруды тапсырды. Жиналыста облыс әкімі аудандарда болып жатқан заңсыздықтардың бетін ашты. Мысалы, "Бозащы нефт" компаниясы Маңғыстау ауданында 10 гектар жерге мұнай қалдығын төгіп келген.  

Ералы Тоғжанов - Маңғыстау облысының әкімі

Халықтың пайдаланатын жерін, мал жаятын жерін бүлдіруге хақыңыз жоқ. Тікелей жауап бересіндер. Мен сендерден қалмаймын. Алматыдағы басшыларын шақырыңдар маған.

Заңсыз жерден құм ұрлау дерегі Мұнайлы ауданында анықталды. Шашылған қоқыс, сиқы кеткен дүкендер, өңсіз ғимараттар барлық аудандарға қатысты осындай деректер бар. Облыс әкімі жауаптыларға олқылықтарды жоюға 2 күн берді.

Тақырып бойынша материалдар

34 жасар жігітті өлтіргендер іздестірілуде
20:20, 20 қараша 2017
34 жасар жігітті өлтіргендер іздестірілуде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Патентсіз жолаушы тасыған таксистер ұсталды
20:36, 16 қараша 2017
Патентсіз жолаушы тасыған таксистер ұсталды
Толығырақ...