ШҰҒЫЛ! Қаладағы кәуап орталығы заңсыз балық сатқан Толығырақ

Мемлекеттік қызметтің мәртебесін арттыру қажет

21:04, 12 қыркүйек 2017

Мұнайлы ауданында мемлекеттік қызметтің сапасы төмен. Әсіресе, білім беру, жұмыспен қамту, жер бөлімі, көші-қон салаларында мемлекеттік қызметшілер әдеп сақтамайды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары жүргізген тексеру осындай нәтиже көрсетіп отыр. Бүгін аталған агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы аудан активімен кездесті. Жиында мемлекеттік қызметшілерлерге қойылатын талаптар пен оларға жүктелген жауапкершілік кеңінен түсіндірілді.  

Мемлекеттік қызметкерден тәртіп, еңбекқорлық, біліктітілік талап етіледі. Алдына келген тұрғынды мұқият тыңдап, заң аясында көмек көрсету де оның міндеті. Агенттік мамандары Мұнайлы ауданынан түскен 14 шағым бойынша тексеру жүргізіп, осы талаптардың сақталмайтынын анықтады.   

Қайрат Байгебаев - ҚР МҚІ және СЖҚ іс-қимыл агенттігінің МО бойынша департамент басшысының орынбасары

Күні кеше жұмыспен қамту бөлімінде мүгедектерге арналған шақыру баспасы жасамай тұр екен. Соны анықтап жаңа ескерттік. Бұдан бөлек, тәртіптік жауапкершілік бойынша 2016 жылмен салыстырғанда биыл 1 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды.

Жиында сала мамандарының біліктілігін арттырып, қайта даярлау керектігі айтылды. Ал, өз ісінің шеберлері қызметте жоғарылауы тиіс. Келесі жылдан бастап олар жалақыны лауазымына сәйкес және жұмыс сапасына қарай алады. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелер ішкі талдау жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекеттердің алдын алуы қажет. Бас қосуда діни сауатсыздықтың зардабы да  сөз болды.Бас имам дәстүрлі дінімізді сақтауға шақырды.

Смайыл Сейтбек - Маңғыстау облыстық Бекет Ата мешітінің бас имамы

Мұсылмандардың рухани орталығы деп айтатын Мекке мен Мәдина деп айтатын Сауд Арабия королдігінің негізгі ұстанымы осы вахаббизм ұстанымы. Ол мемлекеттің ресми діні.Ресми Идеологиясы. Ал сол ресми идеологияны насихаттау үшін олар барын да, жанын да салып жатыр. Біздің Қазақстанның балаларын тегін оқытуға тырысады.

Қазір мемлекеттік қызметке келушілер мүлде азайған. Мәселен, Республика бойынша бос орынға 1-2 адамнан келсе, Маңғыстауда ниеттілер жоқ. Сондықтан департамент басшысы Мұнайлының жастарымен кездесті. 

Нұргүл Жанназарова - ҚР МҚІ және СЖҚ іс-қимыл агенттігінің МО бойынша департаментінің басшысы

Кездесу нәтижесінен бүгінгі жиынға келген жастардың ішінде мемлекеттік қызметші болып,  болашақта әкім болып, үлкен лауазымға қолы жетіп жатса біздің жұмыстың нәтижесі деп ойлаймын. Басты мақсатымыз: жастар арасында мемлекеттік қызметтің мәртебесін және оның бойындағы міндеттерді түсіндіру.

Дипломы болса да, жұмыссыз жүрген жастардың үмітін арттырған кездесулер барлық аудан, қалаларда да өткізілмек.

Тақырып бойынша материалдар

Бейнеу ауданына  жаңа әкімі тағайындалды
20:31, 25 қыркүйек 2017
Бейнеу ауданына жаңа әкімі тағайындалды
Толығырақ...
Қаладағы кәуап орталығы заңсыз балық сатқан
20:31, 25 қыркүйек 2017
Қаладағы кәуап орталығы заңсыз балық сатқан
Толығырақ...
Республикалық ақындар мүшәйрасы өтті
20:31, 25 қыркүйек 2017
Республикалық ақындар мүшәйрасы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
18:53, 22 қыркүйек 2017
Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
Толығырақ...
Маңғыстауда жасанды жолмен 10 сәби дүниеге келді
18:53, 22 қыркүйек 2017
Маңғыстауда жасанды жолмен 10 сәби дүниеге келді
Толығырақ...
Бейнеу ауданына  жаңа әкімі тағайындалды
20:31, 25 қыркүйек 2017
Бейнеу ауданына жаңа әкімі тағайындалды
Толығырақ...