Министр "Е-халық" жүйесін түсіндірді

Е-халық жүйесі нәтижелі жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Жаңа жүйенің тиімді тұсын бүгін өңірге арнайы сапармен келген Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова түсіндірді. Шара барысында министр Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығы, "Маңғыстау" кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен "Жаңа серпін" орталығының жұмысымен танысты.

21:27, 17 наурыз 2017   404

Аймақтағы әлеуметтік орталықтардың жұмысымен танысқан министр "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасының орындалу барысын көрді. Маңғыстау облысындағы ауылдарда жаңадан ісін ашып, кәсібін бастаймын деген жанға мүмкіндік мол. Өткен жылдың жарты жылдығында "Атамекен" микроқаржы ұйымы арқылы құны 552 млн теңге тұратын 64 жоба жүзеге асқан. 142 жұмыс орны ашылған. Енді тағы 538 млн теңге тұратын жобаға қолдау қажет, дейді орталық мамандары. Министр өз тарапынан бұл жобаға қолдау білдіретінін айтты.  

Тамара Дүйсенова - ҚР Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау Министрі

Ауылшаруашылығы министрлігімен бірге біздің ұлттық палатаның "Бастау" бизнес жобасын қарастырып, ұлттық палатаның кредиттеуге қатысу мүмкіндігін қарастырамыз.

Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығы мен "Жаңа серпін" орталығының жұмысын көрген соң, министр ауыл әкімдеріне "е-халық" ақпараттық жүйесін таныстырды. Жалпы, аталған  жүйе ауылдық округ деңгейінде жұмыссыз, өзін жұмыспен қамтыған, аз қамтылған жандар және жалдамалы жұмыскерлер есебін жүйелендіруге мүмкіндік бермек. Жиынға қатысқан Ақтөбе ауылының әкімі Жанбибі Молдашева жаңа жүйенің ауыл үшін тиімді тұсы көп екендігін жеткізді.

Жанбибі Молдашева - Ақтөбе ауылдық округінің әкімі

Жергілікті жердегі халықтың тұрақты тіркеуде қайда тұратындығын немесе оның не қызметпен айналысатынын меншігінде қандай транспорт, жылжитын немесе жылжымайтын мүлкі бар екендігін біле алмайтын едік. Енді осы мәліметтің барлығын "е-халық" бағдарламасы арқылы біле аламыз. Жаңа жүйе жұмыстың икемді, оңтайлы әдісі болып табылады.

"Е-халық" жүйесі арқылы еңбек ресурстарының қорын шоғырландыруға және әр отбасындағы жеке қосалқы шаруашылықтар жайлы деректерді дұрыстауға болады.

«Қазақстан-Ақтау» Ұлттық телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14