ШҰҒЫЛ! Ақын Е. Раушановтың шығармашылық кеші Толығырақ

Министр Т.Дүйсенова Мұнайлы ауданына барды

21:27, 17 наурыз 2017

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі іс-сапар барысында Ақтау қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар мен ардагерлерге қызмет көрсету, халықты жұмыспен қамту орталықтары бар. Кезек аз, қызмет сапалы. Тамара Дүйсенова әр бөлімнің жұмысымен жіті танысып, оң бағасын берді.

Бұдан әрі министрдің сапары Мұнайлы ауданында жалғасты. Басқұдыққа барған министр 2013 жылдан бері электронды есепке алу дәптерінің жұмысын көрді. Сәуірден бастап Мұнайлы ауданы "Е халық" жүйесіне өтеді. Ол үшін республикалық қазынадан қаржы бөлініп, соңғы әзірлік жұмыстары жүргізілуде. Бұл істі көрген соң Тамара Дүйсенова аудан орталығындағы халыққа қызмет көрсету орталығына да барды. Мұнда жұмыссыздық деңгейі қалыпты. 115 адам аудандық жұмыспен қамту орталғында жұмыссыз ретіндде тіркелген. Олардың санын азайтуға күш салынуда. Мамандар жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында қабылданған мемлектеттік бағдарлама аясында қызмет атқаруда.

Гүлбахыт Ақниязова - Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Нәтежиелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-  2021 жылғы   бағдарламасы қабылданған болатын. Үш бағыт бойынша айқындап беріп отыр. Бірінші кәсіптік оқыту және қысқа мерзімді оқыту. Екінші жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Үшінші бағыты жұмыспен қамтамасыз ету жұмыссыздарды.

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті
20:56, 23 қазан 2017
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар