ШҰҒЫЛ! Жол апатынан 6 адам зардап шекті Толығырақ

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау бар

22:24, 17 ақпан 2017

Ақтауда тігін шеберханасы ашылды. Мұнда мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншектер қызмет етеді. Олар БҰҰ -ң "Даму" бағдарламасы арқылы Астана қаласына барып, арнайы курстан өтіп келген. Тігінші мамандығын меңгеріп, тұрақты жұмысқа орналасты. Олар мүгедекпін демей, қоғамдық өмірге белсене араласуға мүмкіндік алды.

Алтынашар Қалубаева мүгедек арбасына таңылғандықтан еркін жүріп тұра алмайды. Бос отыруды жаны қаламайтын қыз ине жіпті серік еткен. Қызығушылық құмарлыққ артып, жұмыспен қамту орталығы арқылы Астана қаласына барып арнайы курстан өтіп келді. Енді жұмысқа орналасып, тігінші атанды.

Алтынашар Калубаева - тігінші

Ұнап жатыр, жаңа достар таптым, негізі менде вообще дос жоқ еді. Жаңа достар ұнап жатыр. 

Жаңа шеберханада Алтынашармен бірге 14 қыз-келіншек жұмыс істейді. Тағдырластар бір ортаға шоғырланып, еңбек етіп жүр. Тігіншілерге барлық жағдай жасалған. Бұл мемлекеттің мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсеткен қолдауы.

Гүлжанат Мұратбаева - "Ұрпақ next" ҚҚ директоры

Елбасы жолдауында да айтып жатыр ғой, қол өнерге, өзіміз тігін шығарып, өзіміз, мына Қазақстаннан жасалған бұйымдарды шығаруымыз керек деп. Соған бағыт бағдар бере отырып, әрі қарай осы жұмысымызды жалғастыруға, мақсат қойып отырмыз.

Шағын тігін шеберханасы, үлкен істердің бастамасы болмақ. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан шыққан бұйымдар, қазірдің өзінде өңір тұрғындары арасында сұранысқа ие. Алдағы уақытта тауарларын республика көлеміне шығару жоспарда бар.

Тақырып бойынша материалдар

"Халық келісімі"  қоғамдық бірлестігіне 25 жыл
21:39, 16 ақпан 2018
"Халық келісімі" қоғамдық бірлестігіне 25 жыл
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда
20:42, 12 ақпан 2018
Мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда
Толығырақ...