ШҰҒЫЛ! Заңсыз бекіре тұқымдас балығын тасымалдаған екі күдікті ұсталды Толығырақ

Мүмкіндігі шектеулі балалар фестивалі

21:54, 14 сәуір 2017

Бүгін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық "Жұлдызай" фестивалі басталды. 118 қатысушы 5 аталым бойынша сайысқа түседі. Мақсат - мүгедек балалардың шығармашылық қабілетін шыңдау. Оларға қолдау көрсету.

Көңілі пәс. Үміті зор. Әні әуезді Өсербай Эскунбай - талапты өнерпаз.  Байқауда "Бол жанымда" әнін орындады. Бұған дейін бірнеше сайыстан топ жарыпты. 2 топ мүгедегі. Өсербай есейгенде дәрігер болып, өзгелерге көмек көрсеткісі келеді,-дейді анасы.

Қарлығаш Цисенова - анасы

Үлкен белестерге жетіп, биіктерден көрінсе деймін. Вокалға бергім келеді. Таланты кішкентайынан басталды. Баламның арманы өзі жүріп, білікті білімді дәрігер болса, аяғынан тұрғызып, жұлдыз болса деймін.

Балалар фестивальде 5 аталым: вокал, ым-ишаратпен ән орындау, би, қолөнер бұйымдары және бейнелеу бойынша сайысты. Өз туындысын байқауға қойған Аят ерекше бұйым жасапты.

Аят Айтқалиев - мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының оқушысы

Мына атты 5 күн бойы істедім. Аттың бейнесін салып алып, жұмыртқаны қайнатып, қабығын желіммен жапсырдым. Дайын болған соң аттың бейнесін лакпен боядым.

Фестивальдің 1-ші кезеңінде балалар шығармашылық бойынша сынға түссе, 2-ші кезеңде спорттық спартакиада болады. Байқау қортындысы бойынша үздіктер Республикалық кезеңге іріктеледі.

Айжақсы Тұржанова - Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары

Республикалық шараға іріктеп алады. Жылда өңірімізден 10-15 бала қатысып отыр. Бүгінгі шарада да балаларға сәттілік тілеймін. Біздің өнеріміз сол жерден танылады деп есептеймін. Жылдан-жылға шығармашылыққа қатысуға артып келе жатыр.

12-ші рет ұйымдастырылған фестиваль өнерге жақын балалардың талабын шыңдады. Әр өнерпаздың жүзіне күлкі сыйлады.

Тақырып бойынша материалдар

Тұтынушыларына заңсыз қор-қор ұсынған түнгі клуб анықталды
20:24, 16 қаңтар 2018
Тұтынушыларына заңсыз қор-қор ұсынған түнгі клуб анықталды
Толығырақ...
Білім саласы мамандары жолдауды талқылады
19:06, 16 қаңтар 2018
Білім саласы мамандары жолдауды талқылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ақтау қаласы Ақшұқырға дейін созылады
20:59, 11 қаңтар 2018
Ақтау қаласы Ақшұқырға дейін созылады
Толығырақ...
Ақтау қаласының бас жоспары өзгереді
20:57, 10 қаңтар 2018
Ақтау қаласының бас жоспары өзгереді
Толығырақ...