Мұнайшылар Наурыз мерекесін атап өтті

Әз-Наурызды «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамының мұнайшылары кең көлемде атап өтті. Көтеріңкі көңілмен жүрген мұнайшыларды «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамының президенті Есен Қайржан мерекемен құттықтап, сала үздіктеріне құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті. Шара соңында Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама жалғасын тапты.

21:27, 17 наурыз 2017   257

Амал мерекесіне орай Қаражанбас кен орнында мұнайшылар арасында  түрлі спорттық шаралар өткізілді. Жастар жағы арқан тартып, кір тасын көтеріп күштерін сынаса, енді бірі тобы боз кілемде белдесті. Спорттық шараның соңында «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның басшылығы жиналған қауымды Наурыз мерекесімен құттықтап, спорттық сайыстағы жеңімпаздарды марапаттады.

Ли Тецян - "Қаражанбасмұнай" АҚ 1-ші вице-президенті
Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Ұлыс оң болсын! Жаңа қуаныш, жаңа бақыт тілеймін! Қайда барсаң жол болсын!

Қаражанбас кен орнында ер азаматтар мен қатар иық теңесе жүріп, қара алтынды өндіруге үлес қосып жүрген нәзік жандар да бар. Олардың бірі -осы мекемеде үздіксіз 9 жыл еңбек етіп келе жатқан Жанар Нұржанова, жыл сайын наурыз мерекесінің ерекше тойланатынын атап өтті. 

Жанар Нұржанова - мұнайшы
Бүгінгі шара өте жоғарғы деңгейде өтті. Осындай шаралар жие-жие болып тұрса деп тілеймін! Амал мерекесі Наурыз мерекесі құтты болсын!

Мұнайшылар қалашығындағы  наурыз мерекесінің көркін Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздары қыздыра түсті.

«Қаражанбас» тобына «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамы және үш жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер - «АрғымақТрансСервис», «ТұлпарМұнайСервис», «Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» кіреді. Кен орын қызметкерлері екі ауысымда жұмыс істейді. Мұнайшылардың саны 5 мыңға жуық. Жыл сайын Наурыз мерекесі жоғарғы деңгейде - мерекелік көңіл күймен аталып өтіледі.

«Қазақстан-Ақтау» Ұлттық телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14