Мұнайшылар Наурыз мерекесін тойлады

Дәстүрлі «Амал» мерекесін«ЖетібайМұнайГаз» өндірістік басқармасы жоғары деңгейде атап өтті. Ұлыстың ұлы күніне орай мұнайшылар арасында түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Алматыдан арнайы өнерпаздар да келді.Сондай-ақ, мерекелік шара барысында өндіріс басқармасының белсенді қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды.

21:27, 17 наурыз 2017   450

«ЖетібайМұнайГаз» өндірістік басқармасында 40 жылға жуық қызмет етіп келе жатқан қызметкерлердің бірі - Гүлсім Тоқтасынова. Тәжірибелі оператор ерен еңбегінің арқасында «МаңғыстауМұнайГаз» басшылығының атынан алғыс хатқа ие болды.

Гүлсім Тоқтасынова - «Жетібаймұнайгаз» ӨБ №2 цех операторы

Осы Ұлыстың ұлы күнінде тек жылдан-жылға жақсылығымен, молшылығыменен жете берейік. Менің өзімнің мына 78-жылдан бері оператор болып жұмыс жасап келе жатырмын. Өзіме мамандығым ұнайды. Менің жолымды жастарға берсін.

«ЖетібайМұнайГаз» өндірістік басқармасында 1100-ге жуық қызметкер еңбек етеді. Еңбекті қорғау,әлеуметтік қамту шаралары толықтай қолға алынған. Жоспарды арттығымен орындап отырған өндірістік басқарма мерекелік шараларды да жоғары деңгейде атап өтеді. Осы жолы да оңтүстік астанадан тамашаның тарландарын да арнайы шақырыпты.

Бақтыгерей Дусупов - «Жетібаймұнайгаз» ӨБ директорының әлеуметтік сала бойынша орынбасары

Биыл «ЖетібаймұнайГаз» өндірістік басқармасы өздерінің тиағы да жаңа жыл наурыздарын тойлап жатыр. Ана жылы бізге берілген 2 млн.183 мың тонна болатын болса, 2 млн.186 мың тонна қылып орындадық. / Барлығы да жоспар бойынша орындалып келе жатыр.

Асар - «ЖетібайМұнайГаз» өндірістік басқармасында қарасты кен орны. Мұнда 90 жуық мұнайшы тәулігіне 1500 тонна мұнай өндіреді. Маңызы зор кен орнында қазір де барлау жұмыстары жүріп жатыр.

Сағыныш Тастығараев - «Жетібаймұнайгаз» ӨБ №3 МГӨК бастығы

№3 мұнай-газ өндіру кәсіпшілігіне қарасты ұңғылардың барлық саны общий қордағы 170 ұңғы. Оның қазір 120 ұңғы жұмыс жасап тұр. Қалғаныолар өзінің кезекті күрделі жөндеуден кезектерін күтіп тұр. / Қазіргі жоспар бойынша 60 мың тонна мұнай артығымен өндіріп келеміз.

Танымал өнерпаздармен қатар, мерекелік шара барысында "Қаламқасмұнайгаз", "Жетібаймұнайгаз" өндірістік басқармасының өнерпаздары  да өз өнерлерін ортаға салды.Мерекеге келген жұртшылық киіз үйлерде  жайылған ақ  дастарханнан ұлттық тағамдардан дәм татты. Осылайша, мұнайшылар «Наурыз» мерекесін жоғары деңгейде атап өтті.

«Қазақстан-Ақтау» Ұлттық телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14