ШҰҒЫЛ! Ақын Е. Раушановтың шығармашылық кеші Толығырақ

Мұнайшылардың қайырымдылық акциясы

21:11, 20 сәуір 2017

Өңірде "Наурыз мерейі" қайырымдылық акциясы жалғасын табуда. Бұл игі шараға "Қаражанбасмұнай" акционерлік қоғамы да өз үлесін қосып, қаладағы қарттар үйіне барып қайырымдылық шара өткізді. Шара кезінде ұйымдастырылған концерттік бағдарлама, молынан жайылған дастархан мен бағалы сыйлықтар ақсақалдардың көңілінен шықты.

Өңірімізге белгілі әншілер ақсақалдарға арнап әннен шашу шашты. Қазақтың халық әндері мен термелері ата-әжелердің көңілдерін бір серпітіп, жастардың жалынды әндері керемет көңіл-күй сыйлады. Қариялар ортаға шығып би билеп бір марқайып қалды. Ақсақалдар "Қаражанбасмұнай" акционерлік қоғамының басшылығына алғыстарын айтып, баталарын берді.

Құсайын Ерубаев - ақсақал

Келгеніңіз үшін ,концертіңіз үшін рахмет. Көңіл-күйімізді көтергеніңіз үшін. Денсаулық берсін сізге де, бізге де. Аман сау істей беріңіз.

"Қаражанбасмұнай" акционерлік қоғамы қашанда осындай игі істің жанынан табылады. Бүгінгі шараның басты мақсаты - аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты  зейнеткерлер мен мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болатын. Осы жандардың жүздеріне шырай, көтеріңкі көңіл-күй сыйласақ, ол біз үшін үлкен сый. -дейді мекеме өкілдері.

Гүлмира Рысжанова - "Қаражанбасмұнай" АҚ  әлеуметтік жұмыс департаменті директорының м.а.

Қартарым асыл қазынам дейді ғой. Сондықтан бүгін осы қарттар үйіне келіп, қарттарымызды қуантып, олардың ризашылығын алып,алғысын алып, біз үшін  ең үлкен бақыт. Біз әлі де мұнымен тоқтамай, әр мейрамда келіп, көңіл бөлуге дайынбыз.

Шара соңында  "Қаражанбасмұнай" акционерлік қоғамының өкілдері ақсақалдарға әзірлеген сыйлықтарын тапсырды. Одан кейін қариялар арнайы әзірленген дастарханнан дәм татты.  

"Қайырымдылық жасау- игі іс" деген қағиданы ұстанатын  "Қаражанбасмұнай" акционерлік қоғамының басшылығы қашнда мұқтаж жандарға көмек қолын созуға әзір.

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті
20:56, 23 қазан 2017
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар