ШҰҒЫЛ! "Жігіт сұлтаны - 2017" байқауы өтті Толығырақ

"Мұражай түні" өтті

20:53, 19 мамыр 2017

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы "Музей түні" мерекелік шарасын өткізді. Қызметкерлер жыл сайын бұл күнді ерекше атап өтеді. Кешкі 7-де басталған шара түнгі 12-ге дейін жалғасты. Келушілер көп қызықтың куәсі болды. Олар тек мұражайды аралап қана қоймай, арнайы ұйымдастырылған жәрмеңкеге қатысты. Музейдің тарихты танытудағы маңызын айшықтайтын шараның көрермені де жылдан жылға көбейіп келеді.

Ретро зал. Мұнда сонау 20-шы ғасырдың бас кезінде тұтынған техника мен үй бұйымдары қойылған. 30-шы жылдардағы патефон, ескі тігін машинасы, фотоаппараттар, үтіктер және пілтелі шамдар. Ескі заттарға әсіресе балалар мен жасөспірімдердің қызығушылығы жоғары. Техника мен технология дамыған 21-ғасырдың ұрпақтары үшін  бұл - жұмбақ әлем.

Нұршат Қалкенбаева - мұражай қызметкері

Көрмеге бізідің балаларымыздың,студентердің, жастардың қызығушылығы өте жоғары. Өйткені олар бала кездерінде ешқашан  көрмеген техника түрлері, заттары қойылған.

Бұдан бөлек, келушілердің назарына  "Қазіргі Қазақстан" деп аталатын көрме залы ұсынылды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ашылған алаңда Қазақстанның өткені мен бүгіні көрініс тапқан. Көрермен Маңғыстаудың өсімдіктерін, дәрілік шөптері мен  жануарларын  тамашалады. Каспий теңізінде өмір сүретін балық түрлерімен де танысты. "Мұндай шара өскелең ұрпақтың білім көкжиегін кеңейтіге ықпал етеді, - дейді ата-аналар.

Александра Аббасова - қала тұрғыны

Тарихты білу өте маңызды. Соның ішінде өз өлкеңнің тарихын жете білу керек. Туған жерің туралы білмеу - ұят. Балаларды мұражайға әкеліп тұру керек. Сондықтан мен де ұлыммен бірге келдім.

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы - еліміздегі  іргелі мәдени орталықтардың бірі. Өңірдің ежелгі тарихы, ерекше этнографиясы, осы өлкеге ғана тән табиғаты, түбекке белгілі тарихи тұлғалар туралы кең мағлұмат беретін 55 мыңнан астам жәдігерлер осында сақталған.

Тақырып бойынша материалдар

Теңіз порты жаңа су көліктерімен толықты
19:44, 24 қараша 2017
Теңіз порты жаңа су көліктерімен толықты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Маңғыстау облысынан Сирия мен Иракқа 50 адам кетіп қалған
16:48, 22 қараша 2017
Маңғыстау облысынан Сирия мен Иракқа 50 адам кетіп қалған
Толығырақ...