ШҰҒЫЛ! Заңбұзғандар жауапқа тартылды Толығырақ

Облыс әкімі есеп берді

22:24, 17 ақпан 2017

Елбасы "Қуатты Қазақстан дегеніміз- қуатты өңірлер" деген болатын. Елдің дамып, экономикалық көрсеткішінің артуына Маңғыстау облысының да қосқан үлесі зор. "22 жылдан бері біздің өңір Республика бюджетінің доноры",- деді бүгін халық алдында есеп берген облыс әкімі Алик Айдарбаев. Бұған дейін өңірлік экономиканың 80 пайызы тек мұнай-газдан құралса, енді түрлі саланы игеруге ден қойылды. Өңдеу, ауылшаруашылық, құрылыс саласы қарқын алып келеді. Маңғыстау облысы Қазақстан бойынша үлкен транспорт -логистикалық ХАБ-қа айналды. Мұның өзі Елбасы қойған міндеттердің орындалуы,- дейді өңір басшысы.

Өңір дамуына 4 жылда 4 трлн. теңгеден аса инвестиция тартылды. Орта және шағын бизнестің ішкі өңірлік өнім көлемі 32 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 11 пайызға артты. Еңбек нарығы тұрақты  өткен жылы 25 мың жұмыс орыны ашылған. Жергілікті билік  жұмыс орындарын сақтап қалу үшін түрлі кәсіпорын, мекемелермен 2 жарым мыңнан аса келісім жасапты.

Алик Айдарбаев - Маңғыстау облысының әкімі

Жұмыссыздықты азайту Жаңа серпін

Жергілікті билік «Әр жылда әр ауданға жаңа жол» саясатын ұстанып отыр. Соңғы 2 жылда 11 ауылға 70 шақырым жол төселді. Биыл  тағы 13 ауылға жол салу жоспарда бар. Ауылдарды ауыз су және көгілдір отынмен қамтуда Маңғыстау облысы көш басында. Алайда, халық санының өсуіне байланысты тұтыну көлемі де жоғары. Кездесуге келген тұрғындар да осы мәлесені алға тартты.

Байқадам Нұғыманов - Ақтау қаласының тұрғыны

Алик Айдарбаев - Маңғыстау облысының әкімі

Облыста 40 пайыз Еділден келіп жатыр. 40 пайызы МАЭК тұщытып отыр. Ал 20 пайызы жер асты сулары.

Сондай-ақ, халықты қазіргі дүние жүзіндегі мұнай бағасының тұрақсыздығы алаңдатып отыр. Облыс әкімі соңғы 3 жылда әлемдік жағдай өңірге әсерін тигізгенін жасырмады. Сондықтан өндірістің басқа саласын игерген жөн,-деді ол.

Алик Айдарбаев - Маңғыстау облысының әкімі

Мұнайшылар азаяды. технология дамиды.

Елбасы жолдауындағы жүктеген тапсырма бойынша мұнай-газ саласына сандық технологияларды енгізу көзделіп отыр. Ол кезде жұмысшылар саны азаятыны анық. Осы мәселенің де алдын алу жоспардағы істің бірі.

Алик Айдарбаев - Маңғыстау облысының әкімі

Елбасы жолдауындағы негізгі басымдықтың бірі- агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторын жандандыру. Бұл ретте өңірде ауыл шаруашылығы саласы әртараптандырыла бастады.  3 жылда суармалы жер көлемі 1000 гектарға дейін ұлғайды. Облыста 15 жылыжай бар.

Алик Айдарбаев - Маңғыстау облысының әкімі

Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылында көкөніс қоймасының

Облыс әкіміне сұрақ пен өтініш қана емес, ұсыныс пен пікірлер де айтылды.

Өрен Сағындықов - ардагер мұнайшы

Алик Айдарбаев - Маңғыстау облысының әкімі

640 мың тұрғыны бар Маңғыстау өңіріне басшылық етіп отырған Алик Айдарбаевқа бейнеулік оқушы бейнесұрағын жолдады. 6-шы сынып оқушысы Данагүл Сайынова ғалым болуды армандайды. Мақсатына жету үшін Астанада өтетін "Экспо-2017" көрмесіне барғысы келетінін айтты. Облыс әкімі бұл шарадан маңғыстаулықтар тыс қалмайды, квота бөлу жұмыстары қолға алынды,-деді. Оның ішінде оқушылар да бар. Сондай-ақ, шетпелік көпбалалы ана Алик Серікұлынан үшемінің тұсауын кесуді өтінді.

Алик Айдарбаев - Маңғыстау облысының әкімі

Өткен жылдың табысты қорытындыланғанын айтқан облыс әкімі алдағы мақсаттар да айқын деді. Бұл ретте әрбір маңғыстаулықтың қосқан үлесі бар.  Алик Айдарбаев бүгінгі есепке қатысып жанашырлық танытқан тұрғындарға да алғысын білдіріп, көтеріліген мәселелердің назарға алынатынын жеткізді.

Тақырып бойынша материалдар

34 жасар жігітті өлтіргендер іздестірілуде
20:20, 20 қараша 2017
34 жасар жігітті өлтіргендер іздестірілуде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Патентсіз жолаушы тасыған таксистер ұсталды
20:36, 16 қараша 2017
Патентсіз жолаушы тасыған таксистер ұсталды
Толығырақ...