
Бұдан былай алысқа бармай-ақ, өңірде күрделі ота жасауға мүмкіндік бар. Ұйқы күретамырының кеңеюіне ота жасауды өзіміздің мамандар да игеріп алған. Озық технологияны меңгерген дәрігерлер алғаш рет осыдан 10 күн бұрын қала тұрғыны Тұрарбек Будақбаевқа ота жасады.