ШҰҒЫЛ! Жергілікті таеквондошылар жарыста топ жарды Толығырақ

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім бар

22:08, 17 шілде 2017

Облыс халқы өсім бойынша Астанадан кейін екінші орында. Бұл соңғы 6 айдағы көрсеткіш. Жыл басынан бері маңғыстаулықтар 0,98 пайызға көбейген. Ал, жарты жылда аймақтың жалпы ішкі өнімі 518 миллиард теңгеге жетті. Сондай-ақ, газ өндіру көлемі 17 пайызға артқан.

Аймақтың өңдеу өнеркәсібінде өсім бар. Өндіріс көлемі 2,1 пайызға артып, 65 млрд теңгені құрады. Әсіресе, химия өнеркәсібі көш алда. Ауыл шаруашылығы саласы да қалыспайды. 6 айдың ішінде 4 млрд теңгенің өнімі шығарылған. 

Халила Нұрғалиева - Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы басшысының м.а.

І жарты жылдықта облыс аумағында мал басы көбейген.  Қой мен ешкі саны 44,4 пайызға өссе, жылқы 10,4 пайызға көбейген. Ал, түйе басы 8 пайызға артқан. Барлық қала мен аудандарда ауыл шаруашылық өнімінің көлемі артқан. .

Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласының  физикалық индекс көлемі 104 пайызға жетті. Осылайша, біздің өңір республика бойынша бесінші орынды иемденді. Аймақ басшысы бұл межемен тоқталмай, аталған салада әлі де жұмыстануды тапсырды. Әсіресе, мал шаруашылығына  жіті көңіл бөлу керектігін айтты.

Ералы Тоғжанов - Маңғыстау облысының әкімі

Биыл мал шаруашылығының дамуы жақсы. Ауа-райы да жақсы болып тұр. Қаншама жаңбыр жауды. Жем, шөпті толық қамту керек. Бұл жағынан келгенде басқа облыстарда мүмкіндік көп. Жем, шөпті сол жақтан алып қою керек.

Облыс инвестиция тартудан да көш ілгері. Негізгі капиталға салынған қаржы көлемі 221,6 млрд теңге. Бұл өткен жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 15 пайызға артық.

Нұрбек Қарасаев - Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының м.а.

Ең үлкен көрсеткіш өнеркәсіпте. 144,6 млрд. теңге. 65 пайызын құрайды. Жылжымайтын мүлік операциялары 44,6 млрд. теңге. көлік және қоймалау 20 пайыз.

Өңірдің құрылыс саласы да қарқынды дамуда. 6 айдың қорытындысы бойынша аймақта 60 млрд теңгенің құрылыс-монтаж жұмысы жүргізілген. Оның басым бөлігі тұрғын үй саласына тиесілі.

Лепес Бекжанов - Маңғыстау облысы құрылыс басқармасы басшысының м.а.

Жыл басынан бері, 542,564  мың квадрат метр тұрғын үй пайдаланылуға берілді. Біз үнемі анализ жасап отырамыз. Жылдың аяғына дейін 16, 17, 19, 31А, 31Б, 34, 35 және Приморский шағын ауданынан 220 мың квадрат коммерциялық үй салынбақшы.

Сондай-ақ, өңірде "Кәсіпкерлікті қолдау картасы" да тиімді жүзеге асырылуда. Жыл соңына дейін осы бағдарлама   аясында құны 74 млрд теңге тұратын 8 жоба іске қосылады. Нәтижесінде 460 жаңа жұмыс орны ашылады.

Тақырып бойынша материалдар

Қол күрестен облыстық чемпионат өтті
20:31, 21 қараша 2017
Қол күрестен облыстық чемпионат өтті
Толығырақ...
Жергілікті таеквондошылар жарыста топ жарды
20:31, 21 қараша 2017
Жергілікті таеквондошылар жарыста топ жарды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Патентсіз жолаушы тасыған таксистер ұсталды
20:36, 16 қараша 2017
Патентсіз жолаушы тасыған таксистер ұсталды
Толығырақ...