ШҰҒЫЛ! Ішек тұмауына шалдыққандар көбейді Толығырақ

Оқушы тыңайтқыш шығару технологиясын ойлап тапты

19:49, 14 қаңтар 2021

Ауылшаруашылығын дамытып, отандық өнімдерді нарыққа шығару - заман талабы. Осы орайда жастарды мектеп қабырғасынан бастап заманауи технологияларды құрастыруға баулу жүзеге асырылып жатыр. Жаңаөзендік Ырысжан Сансызбай мал шаруашылығындағы тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қолжетімді тыңайтқыш шығаруды ойлап тапты. Бұл жобаны қалалық, облыстық байқауларда қорғап, 1-ші орынды иеленген. Толығырақ, әріптесім баяндап берсін.

Ырысжан Сансызбай малдың қиын пайдалана отырып,тиімді агрегат жасап шығарды. Ол осы жобамен 2 жылдан бері айналысып келеді. Зерттеу барысында топыраққа қидың өзін төккенде топырақ қатып, өсімдік тамырын күйдіріп жіберетіндіктен, оны арнайы агрегатпен өңдеп құнарлы тыңайтқыш дайындауды қолға алады. Осылайша 1 айда техниканы құрастырып шығарады. Бақшасында сынақ ретінде гүл егеді. Жайқалып өсті, дейді ол.

Ырысжан Сансызбай - 9 сынып оқушысы

«Бізге тыңайтқыштар шет елдерден келеді. Оны егіншілер үлкен шығынмен сатып алады. Тапқан табысының жартысы кетеді.Сондықтан осы жобаны қолға алам деп шештім. Солай жұмыс жасап келдім, дамыттым.2 жыл уақыт кетті. Жарыстарға қатыстым»

Өнертапқыш агрегатты  жасау үшін пластик, жарық шамдар мен түрлі қозғалтқыштарды пайдаланған. Жетекшісі Ақшагүл Ізбасарова ақыл-кеңес беріп, қауіпсіздік ережелері бойынша көмек көрсеткен. .Шәкірті осы туындысымен қалалық, облыстық сайыстарда жүзден жүйрік шығып, Республикалық байқауда сертификат иеленіпті.  Сонымен қатар, Ресейдің Санкт-Петербург қаласында онлайн форматта  өткен халықаралық додада жеңімпаз атанды.

Ақшагүл Ізбасарова - №23 орта мектептің физика пәні мұғалімі

«Ертеде ата-бабамыз қиды отын ретінде, тыңайтқыш ретінде пайдаланған. Біз де соны ескеріп, «қидың қилы сырлары деп» тақырып алдық және сол тақырыпты аштық деп ойлаймыз. Мен оқушымнан үлкен үміт күтемін. Мақсатына жететініне, мықты маман болатынына сенемін»

Оқушының мақсаты - шаруашылықпен айналысатындарға төмен бағада тыңайтқыш ұсыну. Әзірге макет түрінде жасалған жобаны келешекте нақты іске асыруды жоспарлап отыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

Қиыршық тас өндіретін 2 кәсіпорынға айыппұл салынды
20:55, 22 қаңтар 2021
Қиыршық тас өндіретін 2 кәсіпорынға айыппұл салынды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар