ШҰҒЫЛ! Түркіменстанмен ынтымақтастық артады Толығырақ

Оқушылар экспедициялық жаяу жорыққа шықты

20:53, 19 мамыр 2017

90 шақырым жерді жаяу жүріп өткен оқушылар. 15 мамыр күні Түпқараған ауданы, Баутино елді мекеніндегі М.Горький атындағы мектеп лицейінің жеті оқушысы спорттық жаяу жорыққа шыққан. Мақсаты - туған өлкеміздің тылсым табиғатымен жақынырақ танысу, әрі Республикалық «Менің Қазақстаным» экспедициялық слетіне дайындалу.

Оқушылар 1-ші категориялы спорттық экспедициялық жаяу жорығын  ҚР қарулы күштерінің 25 жылдығына арнаған. Олар осы уақытқа дейін 90 шақырымға жуық жерді жаяу жүріп өтті. Бірнеше жерге аялдап, биология, география сияқты пәндер бойынша түрлі тапсырмалар орындап, сол жердің табиғат ерекшеліктерімен танысты. Оны арнайы күнделіктеріне жазып отырған. Соңғы аялдама, Ақтауға дейін 43 шақырымдай қалды дейді - оқушылардың жетекшісі.

Өркен Жұмақұлов - А. М. Горький атындағы мектеп- лицейі директорының орынбасары

Құрамызда 11 туристіміз бар. Оның 4-еуі жетекші және де 8-9 сынып оқушыларынан құралған 7 оқушымыз бар. Олар жалпы біздің Горький мектеп лицейінің «Тұлпар» әскери патриоттық клубының мүшелері.

Оқушылар осылай әндетіп, көтеріңкі көңіл күймен соңғы аялдама Ақтауға келе жатыр. Саяхатқа шығар алдында олар тыңғылықты дайындалған. Бұл жорыққа денсаулығы мықты, шыдамды оқушылар ғана шыққан.

Тамерлан Тұржанов - оқушы

Жолда келе жатқанда біз 20 минуттық жаңбыр астында қалып қойдық. Үстіміз жаудырап, киімдеріміз су болып, содан тоңып Қызылөзен ауылына дейін жеттік.

Оқушылардың әрқайсысы 10 келілік  сөмкелер арқалап келеді. Онда қажетті заттары мен азық-түліктері бар. Айта кетейік, 23-24 маусым күндері Отпан тауда алғаш рет республикалық  туристік слет өтеді.

Тақырып бойынша материалдар

Түркіменстанмен ынтымақтастық артады
19:22, 19 сәуір 2018
Түркіменстанмен ынтымақтастық артады
Толығырақ...
Ж. Үшкемпіров атындағы грек-рим күресінен халықаралық турнир өтеді
19:22, 19 сәуір 2018
Ж. Үшкемпіров атындағы грек-рим күресінен халықаралық турнир...
Толығырақ...
"Нұрлы жол" бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылып келеді
19:22, 19 сәуір 2018
"Нұрлы жол" бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылып келеді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жастар фестивалі алаңдаушылық тудырды
19:39, 18 сәуір 2018
Жастар фестивалі алаңдаушылық тудырды
Толығырақ...