
Үшінші тоқсаннан бастап оқушылар мектепке барады. Облыстағы барлық орта білім ордаларында 1-5 сынып аралығындағы оқушылар үшін сыйымдылығы 15 баладан аспайтын кезекші сыныптар ашылады. Қазіргі уақытта 77 мыңнан астам бала дәстүрлі форматта оқуға өтініш білдірген. Қабылдау ата-аналардың өтінішімен жүзеге асырылады. Ал 9 және 11 сыныптар аралас форматта білім алады. Яғни, қазақ, орыс тілі, математика, физика, химия сынды пәндердің 70 пайызын мектепте, қалған 30 пайызын қашықтықтан оқитын болады. Сабақтың ұзақтығы - 40 минут. Үзілістер әр сынып үшін бөлек жасақталмақ. Оқу ошақтарындағы медициналық пункттер күшейтілген режимде жұмыс істейді. Ал оқушылар мен мұғалімдерге арналған мәдени-спорттық, басқа да көпшілік шаралар, жиналыстар мен педкеңестер өткізілмейді.
Гүлмира Мамаева - Облыстық білім басқармасы басшысының м.а.
Меншік түріне қарамастан 300 оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматта оқытады. Бұл бойынша облысымызда 34 мектеп бар. Әрбір сыныпта толымдылығы 15 баладан аспайтын санитарлық нормалар сақталынады. + 2 семестрден бастап бірінші курстың студенттері техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы 1 курс студенттері дәстүрлі форматта оқытылатын болады. Ол жерде де 70/30 позициясы сақталады. Қазір 1 курста 5 мың 700-ден аса студенттеріміздің 61 пайызы 3512-сі қазір дәстүрлі оқуға ұсыныстарын берді. Ол жерде де барлық санитарлық нормалар сақталады.