
Қарақиялық тұрғын өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды. Ол 2019 жылы ішімдік ішкен күйінде рөлге отырғаны үшін 3 жылға көлік басқару құқығынан айырылған болатын. Ал, былтыр Құланды ауылы маңындағы тасжолда Mitsubishi Montero автокөлігін тағы да масаң күйінде басқарған. Сот үкімімен ол ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды.
Нұршат Өтеулиева - облыстық соттың баспасөз хатшысы
Ол өмір бойына көлік құралын басқару құқығына және екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығын айырылды.