Өнер саласы қызметкерлерінің төл мерекесі тойланды

Бүгін "Маңғыстау жұлдыздары" фестивалі өз мәресіне жетті. 2 апта бойы сынға түскен өнерпаздардан үздіктер анықталды. Додада 1000-нан астам үміткер бақ сынады. Аймақтық іріктеуден өтіп, озып шыққандар гала коцертке қатысты. Сондай-ақ, мерейлі жиында облыс әкімі мәдениет саласының үздіктерін марапаттады.

20:53, 19 мамыр 2017   485

Өнер мен мәдениет - егіз ұғым. Рухани байлық та, асыл мұра да - мәңгілік. Бүгін осы саланың қызметкерлерінің төл мерекесі. Аймақ басшысы жиында облыстың мәдениетіне үлес қосқан үздіктерді марапаттады.

Ералы Тоғжанов - Маңғыстау облысының әкімі

Өнерді терең түсінетін халық қана көтеріледі. Өнерді терең қабылдап, ерекше рухымызды, тәуелсіздіктің туы сияқты желбіретіп алып шығатындай, қаншама әрбір қазақ өзіне паш етіп, елемізді әрі қарай көтеретіне мен сенемін.

Марапатқа ие болған өнерпаздың бірі - Рахат Бекболатұлы. Ол Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен наградтталды. 30 жыл мәдениет саласына қызмет еткен қайраткер еңбегінің бағаланғанына шексіз риза.

Рахат Мәдіреев - М.Өскінбаев атындағы облыстық филормонияның бас дирижеры

Барлығына рахмет айтамын, әріптестеріме де шығармашылық табыс тілеймін.  Биіктен көріне берсін. Негізгі жоспар - Маңғыстаудың өнерін жоғары деңгейде көрсету. 

Сондай-ақ, мәдениет және өнер саласының ардагерлеріне сыйлықтар тапсырылды.

Орын Құлсариев - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Маңғыстаудан қай жерге барып қоям десе де жетеді. Талай таланттар шықты. Маңғыстау өнері арта берсін.

Сержан Шакрат - ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері

Маңғыстаудың өнері өркендейді деп ойлаймын. Жылдан жылға, жастан жасқа өнер өрбіп, өссін.

2 аптаға жалғасқан фестивальде өнерпаздар 11 аталым бойынша сынға түскен болатын. Бүгін үздік ұжым анықталды. Бас жүлдені  Жаңаөзендіктер қанжығалады.

Исахан Сағынбаев - Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары¤

Енді бас жүлде алу оңайға соққан жоқ. 1 ай бойы дайындық жасады. Барлығы атсалысты.

Кенжеғали Машырықов - Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары¤

Біз былтырғы фестивалде 1 орын алған едік. Жаңаөзендіктерді құттықтаймыз.

Фестивальде 1 орынды Маңғыстау мен Қарақия ауданы иеленді. Күміс жүлдеге Ақтау мен Бейнеу ауданы алды. Ал, 3 тұғырға Түпқараған мен Мұнайлылық өнерпаздар жайғасты.

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14