ШҰҒЫЛ! Заңбұзғандар жауапқа тартылды Толығырақ

"Өзенмұнайгазда" мұнайшылар мерекесі тойланды

19:01, 11 қыркүйек 2017

Қыркүйектің бірінші жексенбісі - мұнай және газ саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осыған байланысты «Мұнайшы» мәдениет сарайында салтанатты шара өтті.

Мұнда Өзен кенорнының құрылуынан бастап, отан қамбасына қанша көлемді қара алтын құйғаны туралы айтылды.

Кенорында алғаш рет 1959 жылы барлау жұмыстары басталды. Бір жыл кейін бұрғышы Ғазиз Абдразақовтың бригадасынан мұнай бұрқағы атқылады. 1965 жылы алғашқы мұнай Атырау облысына өңдеу мақсатында жөнелтілді.

Бегзат Абылайданов - «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры

«1960 жылдың күзінде Маңғыстау мұнай бірлестігі ашылды да, 1964  жылы 15 шілдеде Өзен кенорнын тікелеі игеру мақсатында Өзен мұнай игеру кәсіпшілік басқармасы құрылған. Міне осы күннен бастап Жаңаөзен қаласының іргетасы қаланып, бірінші вагон, бірінші барақ, бірінші шағын аудандар бой көтерді»

Қазіргі таңда «Өзенмұнайгаз» АҚ құрамында он алты құрылымдық басқарма бар. Бұларда тоғыз мыңнан астам жұмысшы еңбек етеді. Оның ішінде 2000 ға жуығы нәзік жанды қызметкерлер. Мерекелік жиын барысында мұнайшыларды Жаңаөзен қаласының әкімі де құттықтады. Жасаған мінсіз жұмыстары үшін жетпістен астам азамат алғыс хаттар мен құрмет грамоталарына ие болды.

Елубай ӘБІЛОВ - Жаңаөзен қаласының әкімі

«Бүгінгі Қазақстанның қарқынды дамуы үрдісін мұнай газ саласының үлесінсіз елестеру мүмкін емес. Жаңаөзен мұнайшылары мекені десек осы қаланың әлеуметтік, экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып отырған мұнай мекемелері, мұнайшылар қауымының еңбегі екендігі даусыз» 

Бұдан кейін кәсіподақ ұйымының төрағасы мерекелік лебізін білдіріп,сый - сияпаттарын табыстады. Жиын соңы талантты мұнайшылардың концертіне ұласты.

Тақырып бойынша материалдар

34 жасар жігітті өлтіргендер іздестірілуде
20:20, 20 қараша 2017
34 жасар жігітті өлтіргендер іздестірілуде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Патентсіз жолаушы тасыған таксистер ұсталды
20:36, 16 қараша 2017
Патентсіз жолаушы тасыған таксистер ұсталды
Толығырақ...