
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зертханалық зерттеулердің тиімділігін арттырып реагенттерді үздіксіз жеткізуді, ПТР зертханаларының саны мен қуатын арттыруды тапсырды. Індетті жұқтырудың алдын алу мен орталықтандырылған түрде бөлу мен есепке алуды қамтамасыз ету керек. Бұл мақсатта ПТР-тестіні қатаң түрде онлайн тіркеумен немесе Call-орталық арқылы жүргізудің маңызына да тоқталды. Бұл туралы коронавирустың таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңесте айтылды.