«Президент Назарбаев» қызғалдағы өсірілуде

Маңғыстауда «ПрезидентНазарбаев» деп аталатын қызғалдақ өсіріліп жатыр. Голландиялық гүлдің жаңасұрпы өңірдегі ботаникалық баққа қыркүйекте әкелінді. Ондағы бағбандар бүгіндеөсімдікті күтіп-баптап, көбейту жұмыстарымен айналысуда. Көп ұзамай «ПрезидентНазарбаев» қызғалдағы әлемдік нарықта пайда болуы әбден мүмкін.

21:11, 20 сәуір 2017   324

Шағын аумақтың шырайын ашып тұрғанқызғалдақтарды Айман Айбекова күтіп-баптайды. Гүл өте нәзік және сезімталкеледі. Оның сырын білу керек. Сол себепті бағбан қызғалдақтың күтіміне ерекшежауапкершілікпен қарайды.

Айман Айбекова - бағбан

Қыздармақтар қызғалдақтар әні айтылады ғой. Күніне 3 мезгіл суарамыз, отаймыз, арамшөптерін аламыз. Осы гүлдің қасына келгенде адам өзіне нәр алып, кішкене баласияқты қарап, мәпелеп өсіріп аялау керек.

Жаңа сұрыпты қызғалдақты өсірген голландиялықселекционер Жан Лайтхард. Гүлге «Президент Назарбаев» деген атау берілген.Мұндай ерекше құрмет Орта Азиядағы мемлекет басшыларының ішінен текҰлт көшбасшысына ғана көрсетіліп отыр. Елбасының атымен аталған гүлдің деөзіндік өзгешелігі көп.

Нұржауған Дүйсенова - "Маңғыстау тәжірибелік ботаникалық бақ" РМК зертхана меңгерушісі

Бұлсорттың өзгешелігі жапырақтары ірі әрі оның беттерінде қызыл дақтары баржапырақтарында. Ал гүлінің формасы бокал тәрізді, қызыл әрі жиектері сәлмайысқан. Яғни ірі гүлді.

Голландияда өскен гүлді бағбандар енді еліміздекөбейтуге кірісіп кетті. Өңірге өсімдік күзде жеткізілген. Себебі тамырланыпүлгеруі үшін суық түспей отырғызылуы тиіс, дейді мамандар.

Нысаналы Ығыл - тілші

Көктемніңкелуімен қызғалдақтар бүршік жарады. Әдемі гүлдер 3 ай көлемінде өсіп-жетіледіекен. Мысалы мына жаңа сұрыпты қызғалдақтың ұзындығы 70 смге дейін жетеді. Алмұны өз аулаларыңызда өсіру үшін ботаникалық бақшаға келіп жаз айында жуасыналуға толық мүмкіндік бар.

«Қазақстан-Ақтау» Ұлттық телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14