ШҰҒЫЛ! "Бастау-Бизнес" жобасы аясында 1056 адам оқытылады Толығырақ

Саяхатшы Армениядан Ақтауға жаяу шықты

21:27, 17 наурыз 2017

Армениядан Ақтауға 3000 шақырым жол. Артур Оганян велосипедпен осынша шақырым жол жүріпті. Иран мен Түркіменстанға аялдаған. Әлемді жаяу аралауға бел буған 39 жастағы саяхатшы Ақтауға жетті. Күннің райына қарамастан теңіз жағасында қыдырып, қаланың көрікті жерлерін аралады.

Нұрлан Үсен - тілші

2016 жылдың 30-шы желтоқсанында саяхатын бастаған Артур Оганян бүгін Маңғыстауға жетті. 70 күнге созылған саяхатында Артур 3 мыңнан аса шақырымды бағындырып өткен. Алғашында сапарын жаяу бастаған саяхатшыға, көрші мемлекеттің азаматтары сапарын жеңілдету үшін велосипед табыстаған.

Артурдың жалғыз серігі Граф есімді иті. Күшік кезінен асырап, қолға үйреткен иті әрі серігі, әрі қорғаушысы. Мәселен, жол барысында дүкенге кетіп қалса екі аяқты көлікке жан жолатпайтын көрінеді. Ал кешқұрым иесін күзетеді.

Артур Оганян - саяхатшы

Жолда бірнеше рет қасқырлар шықты. Бірақ, қорқатындай ештеңе болмады. Алайда, сіздің өңірдегі жырқыштар шошытты. Ал адамдарға келсек, барлығы қонақжай екен. Үйіне шақырып, тамақ беріп, барынша мүмкіндлік жасады. Ризашылығымды айтқым келеді. Солардың арқасында діттеген мақсатыма жетіп тұрмын.

Артурдың қазіргі мақсаты Қазақстанды аралау. Ертең жолға шығып Алматыға бет алады. Содан соң Астанаға баратынын айтты. Еліміздегі саяхаты мәресіне жеткен соң, Ресейге кетеді. Бұл маршрутындағы келесі нүкте.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Жастар фестивалі алаңдаушылық тудырды
19:39, 18 сәуір 2018
Жастар фестивалі алаңдаушылық тудырды
Толығырақ...