Сенатор жаңа заң жобасын түсіндірді

Жайылымдарды заңмен реттеу көзделіп отыр. Заң жобасы қаңтар айының соңында қабылданатын болады. Ал қазір, елде түсіндіру жұмысы жүргізілуде. Осы мақсатта сенатор Бақтыбай Шелпеков Маңғыстау ауданына іс сапармен барды. Тұрғындармен кездесіп, заңның тиімділігін түсіндірді.

21:26, 11 қаңтар 2017   114

Төрт түлік жайылымы ауыл тұрғындары үшін көкейкесті сұрақ. Кейбір шаруалар үшін өзекті мәселе. Енді ол заң бойынша беріліп, заң аясында қадағаланады. Жаңа заң арқасында жерді ұтымды пайдалануға жол ашылады,- дейді Бақтыбай Шелпеков. «Жайылымдар туралы»  заңға сәйкес орман, су қорын пайдалану, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жерлерден шөп шабу және онда мал жаюға қатысты ережелерді одан әрі жетілдіру көзделіп отыр.

Бақтыбай Шелпеков - ҚР парламент сенатының депутаты

Осы заң ауылдағы елдің , кент басындағы , селолық жерлердегі солардың әрқайсысының жекеменшік үйлеріне өздеріне арналған. Олардың әрқайсысы мал бағып отыр.Енді осыны реттеу керек. Бұрын әркім өз ойлаған бағытына мал бағатын болса қазір халық болып келісіп  өздері реттеп, жайлымды реттейді халық боп соны пайдаланады. Жыл соңына пайдаланған нәрселеріңні қалай іске асқанын өз тәжірибелерінен қарайды.

«Қазақстан-Ақтау» Ұлттық телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14