
Жаңаөзенде ашылған сервистік әкімдікте мемлекеттік қызметтермен қоса, азаматтардың арыз-шағымдары, өтініштері қаралады. Кеңсе «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді. Мақсат - тұрғындар мәселелерінің жылдам шешілуін қадағалап, жемқорлық деңгейін төмендету және ашықтықты қамтамасыз ету, дейді жауаптылар. Ашылғанына небәрі үш аптадай уақыт болса да, орталыққа 40-қа жуық хабарлама келіп түскен.