
Маңғыстау ауданы Шетпе кентінде "Сервистік әкімдік" ашылды. Жаңа кеңседен тұрғындар ауыл шаруашылығы, тұрғын-үй, жер қатынастары, білім, жұмыспен қамту саласындағы қызметтерді ала алады. Осылайша шалғай ауылдардан келгендер әр кеңсеге барып уақыт жоғалтпай, осы жерден құжаттарын тиянақтайтын болады. Сондай-ақ қызметтің сапасын көтеріп, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге септігін тигізбек. Айта кетейік, бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халық үніне құлақ асатын мемлекет құру және халықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттыру мақсатында қолға алынған.