
Қатты желдің салдарынан Ақтауда бас алаңдағы жаңажылдық шырша құлады. Оқиға өткен демалыс күні орын алды. Қала әкімінің баспасөз кызметінің хабарлауынша, бейсенбі күні желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетті. Абырой болғанда ешкім зардап шеккендер жоқ. Айта кетейік, Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері шыршаны жинап тастады.