
Өңірде соңғы тәулікте 10 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Жалпы індет басталғалы 3835 адам індеттің ілемегіне ілініп, 3670 науқас сауыққан. Ал 1 қыркүйектен бастап бүгінге күнге дейін 50 мектеп оқушысынан вирус анықталған. Сонымен қатар, пандемия басталғаннан бері 166 СОVID-19 инфекциясын жұқтырған медицина қызметкерлері анықталды. Айта кетейік, жалпы еліміз бойынша ауруды жұқтырғандар саны 165 мың 311-ге жетті.
Ғазиз Надуев - Облыстың бас санитар дәрігері
Бүгінгі таңда қызыл аймақта Қостанай, Ақмола облысы,сары аймақта - Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары. Қалған аталмаған облыстардың бәрі бүгінгі таңда жасыл аймақта. Эпидемиологиялық талдау жасай келе 60 жастан жоғары облыс тұрғындарының ауырғаны 36 пайызды құрап отыр. 2021 жылдың 1 қаңтарынан 14 қаңтарға дейін 125 жағдай тіркелді, ауру деңгейінің өсуі 2020 жылдың желтоқсанайының алғашқы күндерімен салыстырғанда өте жоғары деп есептейміз.