ШҰҒЫЛ! "Жігіт сұлтаны - 2017" байқауы өтті Толығырақ

Сұрақтар жауапсыз қалмайды

22:24, 17 ақпан 2017

Облыс әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі екі сағатқа созылды. Call орталық жұмысын бір сағат бұрын бастады. Оған телефон арқылы 52 сұрақ түсті. Call орталықта әр саланың мамандары өздеріне қатысты мәселелерді тіркеп отырды. Бұдан бөлек, әлеуметтік желі, облыс әкімдігінің ресми сайты мен блогына көптеген сауалдар түсті. Аудандардан арнайы бейнесауалдар да қойылды. Көпшіліктің көңілін алаңдатқан мәселе - жұмыспен қамту, медицина, білім және инфрақұрылым саласы.

Өткен жылы Маңғыстауда сұйытылған газ тапшылығы сезілді. Бұл мәселе тұрғындарды да бей-жай қалдырған жоқ. Кәсіпкер Нұрболат Жүсіпов бұл мәселе қашан шешіледі? деп сауал қойды.

Алик Айдарбаев - Маңғыстау облысының әкімі

Өңір басшысына бейне сұрақ жолдағандардың бірі Мұнайлы ауданының тұрғыны. Ол қалааралық қатынастың  қиындығын жеткізді. ¤

Қазір көптің көңіліндегі мәселенің бірі- Шахмардан Есенов атындағы университет ұжымының араздығы. Ректор мен оқытушылар арасындағы түсініспеушілік. Ұстаздардың бірі мәселенің төрелігін сұрап келді. 

Сәтжан Айсаев - Ш.Есенов атындағы университеттің оқытушысы

Алик Айдарбаев - Маңғыстау облысының әкімі

Осы сынды мәдениет, инфрақұрылым және әлеуметтік бағыттағы сауалдарға облыс әкімі бірден жауап берді. Сондай-ақ, кейбір істің шешімін аудан-қала әкімдеріне тапсырды. Сұрақтар жауапсыз қалған жоқ. Хат, хабарлама арқылы келген сауалдардың барлығы 10 күн ішінде қаралып, іс-шаралар қолға алынатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

Теңіз порты жаңа су көліктерімен толықты
19:44, 24 қараша 2017
Теңіз порты жаңа су көліктерімен толықты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Маңғыстау облысынан Сирия мен Иракқа 50 адам кетіп қалған
16:48, 22 қараша 2017
Маңғыстау облысынан Сирия мен Иракқа 50 адам кетіп қалған
Толығырақ...