Тіркеуге қатысты түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр

Бүгін Мұнайлы ауданының халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, тіркелгендер көп болды. 145 мың тұрғыны бар бұл ауданда небәрі 3 күннің ішінде 1400 адам тұрақты тіркеуге тұрды. Ал 30 адам уақытша тіркелді.

21:26, 11 қаңтар 2017   375

Халыққа қызмет көрсету орталығында жүргендердің бірі -Әлия Қошқарова. Басқұдық ауылының тұрғыны алматылық қонақтарын еріте келген. Оңтүстік астанадан келген қонақтары Әлияның үйінде 1 жылға жуық уақыт болады екен. Сондықтан олар уақытша тіркеуге тұрды. 

Әлия Қошқарова - Мұнайлы ауданының тұрғыны

Керекті құжаттарды: үйдің құжаттарын, Сосын жаңағы кассаға бір адамға 350 теңгеден, екі адамға 700 теңге төледік. Сосын осы отырып отырған адамдардың жеке куәлігін, үйдің документтерін түпнұсқасы барлық документтердің алып келіп, осы жерге тіркеліп, где-то 10 минутта бітті шаруам.

Халыққа қызмет көрсету орталығы 3 күннен бері әдеттегідей 8 сағат емес, 12 сағаттан үш ауысым бойынша жұмыс жасап жатыр. Көші-қон полициясының мамандары орталыққа келгендерге жаңа заң туралы түсіндіруде. Мұнда келушілердің көбі уақытша емес тұрақты тіркелуге келгендер екен. 

Марат Омарқұлов - Мұнайлы ауданы ішкі істер бөлімінің көші-қон полициясы тобының инспекторы

Мұнайлы ауданы аумағына қазіргі күнде мына 3 күннің ішінде 1400 адам тұрақты тіркеуге тұрды. Оның ішінде 30-ға жуық уақытша тіркелген Қазақстан азаматтары. 1400 болатын себебі, басқа облыстан келіп, осы жаққа жұмыс бабымен келіп, тұрақты тіркелмей жүрген азаматтар. Олардың барлығы тұрақты тіркеуге тұрып жатыр. Айтатын болсақ, олардың қазір ешқайсысы да мына 1 февральге дейін ешқандай айыппұл салынбайды. Оның барлығы түсіндіру жұмыстары. Мына ХҚКО қызметкерлерінің барлығы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ешқандай ажиотаж көтеретіндей проблема вопростар жоқ. Жұмыс бірқалыпты жүріп жатыр. 

Заң күшіне енді. Уақытша тіркеуге тұру үшін 1 ай уақыт берілді. Ақпан айынан бастап, құқық қорғаушылар тіркеуге тұрмағандарды анықтайды. Ал, айыппұл салу 7 ақпанда басталады, - дейді мамандар. Қоғамда қызу талқыға түскен бұл заң - қауіпсіздікті күшейтудің бірден-бір жолы.

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14